23.11.2021
  402


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

СЫРҒА ТОЙ

« С ырға той» – ұл балалары қайта-қайта шетінеп тұрмай жүріп көрген ұлының құлағына ырымдап сырға тағып, сол ұлы аман-есен ел қатарына қосылғанда жасалатын той.


Ертеде ұл перзенттері қайта-қайта шетінеп тұрмаған кісілер ырым- дап, ұл балаларының оң құлағын тесіп, оған қыздардың сырғасын та- ғып қоятын болған. Кейін ұлы аман-есен ел қатарына қосылып, ата- анасының күпті көңілдері орныққанда, қуанышын көппен бөлісіп, той жасап, аузы дуалы адамдардың батасын алып, ұлының құлағындағы сырғасын көп көзінше алып тастаған. Міне, бұл «сырға той» деп атал- ған.


Мейлі «сүндет той», мейлі «сырға той» болсын, екеуінің де өзін- дік мəн-мағынасы зор. Яғни ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты кеңейтеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу