23.11.2021
  104


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАНЫ СҮНДЕТТЕУ

Әдетте ер балаларды 5–7 жас аралығында сүндеттейді. Сүндет той аяқталып, ел аяғы саябырлаған соң, баланың ата-анасы баласын


сүндеттету қамына кіріседі. Бардам адамдар «сүндет атың» деп бала- ларына арнаған тай-құнандарын үй белдеуіне ерттеп əкеліп байлап қояды. Онан соң, астына қалыңдап көрпе салып жатқызып, маңайына түрлі ойыншық, тəтті-дəмділерді əзірлеп қояды да, алдаусыратып:



  • Енді мына кісі «насыбайыңды» көріп жөндеп, май жағып қойсын, құрт-мұрты болса алып тастасын, – деп сүндеттейтін кісіні (молданы) таныстырады. Сол кезде, тəжірибелі молдалар:

  • Кəне, көрейінші, ой, өте жақсы азамат екен! – деп баланың насы- байын олай-бұлай қозғап уқалап, терісін айналдырып, қай мөлшерде кесетінін белгілеп алады да:

  • Бісміллə иррақыман иррəхим! Осы перзент Құдайдың құлы, Пайғамбардың үмбеті болғандықтан сүндеттедік, сүндетін қабыл ал, Алла! – деп сүндет дұғасын оқып, одан соң:

  • Аллаhуакбар! Аллаhуакбар! Аллаhуакбар! Лəйлəһə іллəллəһу уəліллəһи уалхамдұ! – деп айнала отырғандар тəкбір айтып, насы- байдың артық терісін лып еткізіп ұстарамен қағып алады да, дереу


 


үрпін айналдырып, алдын ала əзірлеп қойған йод немесе шала күй- дірілген мақтамен кесілген жерді қан шықпастай етіп бастырып, қан тыю үшін қойылған нəрселер олай-бұлай жылжып, кесілген жер мик- робтанып кетпеуі үшін шыны, тостаған сияқты нəрселерді баланың


«насыбайының» үстіне төңкеріп қояды. Міне, бұл «баланы сүндет- теу» делінеді.


«Сүндет» дегеніміз – міндет, тапсырық деген мəнді білдіреді. Сөй- тіп, ата-ана бір міндетінен құтылады.


Ер балаларды жас кезінде сүндеттеудің үлкен ғылыми мəні бар. Медициналық жағынан – сүндеттелген балалардың жыныс мүшелері- не дəрет қалдықтары жұқпайды, жыныс мүшелері базданып, иістеніп, микроб түспейді. Əртүрлі жыныс ауруларынан аулақ болады. Қысқа- сы, сүндет – тазалық пен денсаулықтың кепілі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу