19.11.2021
  311


Автор: Сайын Назарбекұлы

Киіз үйдің жасау-жиһазы мен үй іші мүліктерінің атаулары

Үй мүліктері:


Киiз кiлем – киiзден жасалған кiлем.


Киiз қап – киiзден жасалған қап.


Киiз сырмақ – киiзден жасалған сырмақ төсенiш.


Қара ошақ – ұзақ ұсталған ошақ.


Қазан аспа – қазандық, ошақ.


Қасаба – ошақтың үш бұтында болатын қайқы ілмек темір.


Қасаға – ошақтың шеңбері.


Қауға – құдықтан су тартатын теріден істелген ыдыс.


Қауға шаңбағы – темірден жасалған шаңырақ тәрізді қауға терісі бекітілетін құрал.


Қобди – кішкене шебер жәшігі, сандықша.


Қож – ірі малдың жаурын сүйегінен істелетін сәнді күрек.


Қолқа –  жүк артқан түйенің тарту арқанының дәл төске келетін жеріне өткізіп қоятын жең сияқты киіз.


Қолақпан –  қол ағаш, қол шоқпар.


Қоржын – ердің артына бөктеріп жүретін екі басты шағын қалта-қапшық.


Қос – шағын киіз үй.


Құман – шойын шәугім.


Құр – өрген не тоқыған жалпақ бау.


Құрсау –



  1. Метейдің сыртына үш жерінен салынатын жұқа, жалпақ темір құрсау.



  1. Сынған шайқұмандарды құрсаулау.

  2. Өте ұзын уықтардың майыстырмау үшін салынатын теріс құрсау.


Құты – сауыт; мүйізден, түйенің табанынан, былғарыдан жасалатын қалта, ыдыс.


Күйеу қазық – үй артындағы жел арқан байланатын қазық.


Қияқты – ұшы екі жүзді өткір найза.


Қырдасын – киіз қесіндісі, қиығы.


Қылдырық – кәрі жіліктің жіңішке сүйегінен жасалатын тіс шұқуыш.


Кебежеқап – көшкенде кебеженiң қажалып қалмауы үшiн жасалатын арнайы қабы.


Кермелi төсек –  арнайы орнатылған бақандар арасына керiп ұсталған төсек.


Кесек киiз – асылған күйiндегi тұтас киiз.


Қар бау – уықтың қарына сәндік үшін ілінетін бау.


Қаршы – төсек-орын, көрпе-жастықтарды салып қоюға арналған киiзден жасалған бұйым.


 Төсенiштер: кiлем, сырмақ, алаша, текемет, тулақ, құрақ, төсек  көрпе, бiрсалар,…


 Тұтынатын заттар: керме, қоржын, аяқ қап, кесе қап, тұтқыш,   мойнақ, мес, торсық, келi, саба, шымылдық, орамалдар, масахана, қоржын, көрпелер, жамылғылар, жастықтар, жапқыштар т.б…


 Ыдыс-аяқ: қазан, бақыр, ошақ, таба, ағаш аяқ, табақ, астау,   ожау, шөмiш, елеуiш, құмыра, кесе т.б…


Шаруашылық заттары: иiн ағаш, метей, шаттауық, көсеу,    шымшуыр, қол диiрмен, самаурын, итаяқ, көнек, қауға, мес, баспақ, шилер т.б.


Киіз үйдің ағштан жасалатын дүниялары:


төсек ағаш, жастық ағаш, сандық, сандықша, қол сандық, шәйсандық, кебеже, асадал, жүкаяқ, кебеже, әбдіре, жағлан, қант тоқпақ, саба аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап, адалбақан, піспек, былғауыш, дойбы, тоғызқұмалақ, ер т.б…


Көннен және теріден жасалатын бұйымдары:


қамшы, дойыр, торсық, саба, мес, ер, тулақ, тері бөстек т.б.


Шаруашылық бұйымдары: ошақ, арба, мосы, торсық, мес, мойнақ, асқазан, сүтқазан, көсеу, шаттауық, иiнағаш, самаурын, шәйнек, кеселер, табақтар, зереңдер, құмыра, тас құмыра, жез құмыра, құман, жез құман, қырықтық, қырғыш, қайшы… 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу