12.11.2021
  207


Автор: Керімсал Жұбатқанов

Оңтүстік Африканың ақ нәсілді соңғы президенті Фредерик Виллем де Клерк 85 жасында қайтыс болды

Оңтүстік Африка — Африканың оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Ұзақ уақыт бойы елді ақ нәсілді саясаткерлер басқарды, бірақ 1994 жылы елдің соңғы ақ нәсілді президенті билік тізгінін Нельсон Манделаға берді.


Оңтүстік Африканың ішкі саяси құрылымын өзгерткен адам 2021 жылдың 11 қарашасында қайтыс болды. Фредерик Виллем де Клерк 1994 жылы билікті Нельсон Манделаға берді, содан бері Оңтүстік Африканың ақ нәсілді соңғы президенті атанған саясаткер қарапайым адам сияқты өмір сүріп келді.


Оның мұрагері Нельсон Манделамен бірге Фредерик Виллем де Клерк 1993 жылы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды. Бір қызығы, 1990 жылы қарсыласын түрмеден босатып, Африка ұлттық конгресін заңдастырған да сол еді.


Фредерик Виллем де Клерк билікті тапсырғаннан кейін Оңтүстік Африка Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Алайда ол бұл лауазымды ұзақ атқармады. Екі жылдан кейін, 1996 жылы ол отставкаға кетіп, 1997 жылы Ұлттық партияның басшысы қызметін тастап, саясаттан кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу