Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  123


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Жағалауда құба тал

Жағалауда құба тал,
Тал арасы жалбыз ғой.
Суат жаққа құдаша
Келе жатыр, жалғыз ғой...
Ақ балтыры қозғалса,
Ақ көйлегін жел қаққан.
Оң аяғын созғанша
Сол аяғын шаң қапқан.
Қас пен көздің арасы,
Ақшам ба, әлде іңір ме?
Бейсеубет бір, шамасы,
Қонақ бар-ау үйінде.
Жағалауға көз салдым,
Жақындады бойжеткен.
Биыл осы жаз салқын,
Тоңазыдым көйлекшең.
Қадала қарап тұр едім,
Қай жақтан...біреу қабаққа
Қарсыдан шығып қылт етті,
Жүрегім менің бүлк етті...
...Жағаның желі жалбыздың
Жас иісін маған үрлеп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу