02.11.2021
  238


Автор: Әкім Ысқақ

Әріптесім Абай Тоқсаба бірде иті туралы айтқан мынадай әңгімесі есімде қалыпты. Оның Құттыаяқ атты иті соңғы кезде босатса болды, қай-қайдағы қоқыстарды тістеп, үйдің маңайына алып келуін әдетке айналдырады. Жұбайы: «Мына, ит өзгере бастаған сияқты», - дейді. Содан отағасы әлгі итті көлікке салып алып, қаладан 30-40 шақырым жерге апарып, босатып жібереді, қимастықпен бір-біріне қарап біраз тұрады да, иесі итті тастап, көлігіне мініп кетіп қалады. Сол-ақ екен әлгі ит соңынан жүгіре жөнеледі. 20 шақырымдай ұзаса да, жүйткіген көлік соңынан бір елі қалмайды. Жүрегі елжіреген Абай «қой, мұным жарамас» деп көлікті тоқтатып, сыртқа шығады. Сол сәтте ит жүгіріп келіп иесінің мойнына асылып, бетінен, қолынан жалап, қыңсылайды, “мені тастап кетпе” деген сыңай танытады. Содан итті тастамауға бел буып, үйіне қайта алып келеді.
Таңертең ұйқыдан тұрып, есік алдына шықса, Ақтөс көрінбейді, маңайды, қора-қопсыны шарлап итін еш жерден таба алмайды. Сол кеткеннен мол кетті. Сөйтсе, өзін керек етпегенін сезген ол өз еркімен үйден кетіп қалған екен. Бұл да жеті қазынаның бірі саналатын иттің тектілік қасиетінің бір қыры шығар... Керек еместігін сезіну хайуанатқа да оңай тимеген секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу