Өлеңдер ✍️

  27.10.2021
  1358


Автор: Самат Есмағамбетов

Құдаша туған күнің құтты болсын!


Құдаша туған күнің құтты болсын!

Әрқашан денсаулығың мықты болсын!

Өте берсін әрбір күнің көңілді!

Алла берсін сізге ұзақ өмірді.



Құтты болсын құдаша туған күнің

Алланың берген сыйы саған бүгін,

Ата-анаңды қуанышқа бөлейтұғын.

Атыңды азан айтып қойған күнің.



Шарықта қанаттарың талмасын,

Бұл өмірде Алла сені қолдасын...

Ауырма, шаршама, бақытты бол!

Ендігі алға қойған талабың,-

Екі жанның бақыт тойына жалғасын!



Менің саған тілерім бар жақсылық,

Жақсының жақсыларын жалғастырып

Ең басты саған айтар тілегім,

Сан шүкір болсын сауаптарың,-

Күнделікті беретін бес уақыт қып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу