Баталар ✍️

  18.10.2021
  419


Әскерге баратындарға

Оң болсын, балам, сапарың,
Молықсын дәмің, татарың.
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отанның.
Барып келіп жатыр ғой.
Өзіңдей жастар – қатарың.
Халықтың сүйген тірегің,
Сом темірдей білекті,
Арыстандай жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл.
Ақ батаны берейік,
Бере гөр деп тілекті!
Әумин.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу