Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  129


Автор: Исраил Сапарбай

Шерте бермей шер, мұңды

Шерте бермей шер, мұңды,
Жазмышыма көнсем-ау.
Күйiп-жанған ернiндi
Сүйiп жатып өлсем-ау...
Кiм ұйқылы?
Кiм ояу?
Шықпай жатыр неге Күн?
Қандай ғажап, құдай-ау,
«Мен сендiкпiн...» дегенiң?!
Ерiнiме кезерген
Нəр тамызсын таңғы ауа.
Əн мен шарап ежелден
Ақындарға жандауа!..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу