Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  104


Автор: Дәркен Танабаев

Дәм....

Дәм татпаған өзге еріннен,
Бақыт көргем көздеріңнен.
Сая бақта алтын күзде,
Сүйемін деп сөз беріп ең.
Елес беріп сағым қырдан,
Сағынышым сағындырған.
Періштедей пәк көңілің,
Жүрегімді табындырған.
Көгендеуге көндікпеген,
Аңғал жүрек мендік деген.
Енді қалай тапсам екен,
Сен адасқан ендікті мен.
Сезімдерім алып ұшпа,
Өр кеудемде жарылыста.
Жанарымнан тамшы болып,
Айналды мұң сағынышқа.
Бал-бұл жанып жүздеріміз.
Сая бақта біздер егіз.
Қар астында қалғаны ма,
Кеше жүрген іздеріміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу