Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  116


Автор: Дәркен Танабаев

МЕНІҢ ҚАЛАМ.

Құс біткен салып әнге,
Жеткізіп таңнан хабар.
Үйлескен сәнді сәулет,
Безенген жарнамалар.
Масаңдау тербетіліп,
Қала тұр жанарымда,
Сандалым сүйретіліп.
Кең көше табанымда.
Ентігіп жол үстінде,
Көліктер безілдеген.
Көшенің сақшысындай,
Бағдаршам көз ілмеген.
Жетелеп мені мәңгі,
Жастықтың гүл шағына.
Сұлудай баурап алдың,
Ып-ыстық құшағыңа.
Бақыттың сен бесігі,
Нұрланған керемет күн.
Әніммен бар ғаламды,
Шаттыққа бөлемекпін.
Шырмалған құшағыңда,
Тағдыры көбелектің,
Құмырсқа илеуінен,
Аумайсың елемеппін.
Алаулап таң шапағы,
Арудай мөлдіреген.
Дүние үн қатады,
Оянып елжіреген.
Не деген көркем едің,
Еріксіз өртеп едің.
Шым қалам менің саған,
Келеді еркелегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу