Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  94


Автор: Дәркен Танабаев

Дала еді....

Дала еді адам аяқ баспаған,
Мұнда киік өруші еді қаптаған,
Әлсіздері көкжалдарға жем болса,
Қазір оны емге іздеп таппаған.
Қазір Құмкөл өз алдына қалашық,
Бүкіл әлем көз тігеді таласып.
Америка, Италия, Канадаң,
Байлық іздеп ортақтасар қарасып.
Желік қуған аңшылар да табылар,
Қару алып машинамен сабылар,
Желдей жүйрік болғанымен киігім,
Жүз айлалы адамзатқа қағылар.
Жез киігім кетіпсің-ау текке өліп,
Жүрегім тұр көмейімде кептеліп.
Қарны үшін сені өлтірген шофёрді,
Содан кейін кеттім мүлде жек көріп.
Ей, пенделер, айтайын мен бір сауға,
Ар алдында қалмайық та біз дауға.
Жер ананың перзентіміз бәріміз,
Қансыз дене дайын тұрар мұздауға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу