Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  212


Автор: Исраил Сапарбай

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Дертiме дауа iздедiң, дəрi бердiң.
Қидың-ау маған бола ғұмырыңды,
Үйдiм-ау бiр басыңа əбiгер, мұң,
Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Апырай, сəнi екен ғой Аққу көлдiң?!
Əп-сəтте Аққу сынды ақ түрге ендiң.
Шер-мұңмен шегендеулi шермендеңе
Ернiңнен ерiп-балқып тəттi у бердiң.
Түбiне тұңғиық бiр баттым көлдiң...
...Түс көрдiм, қара судан қайық көрдiм,
Қасыма қанатыңды жайып келдiң.
Қолыма қона берiп ұшқан құстай
Тағы да ғайып болдың, ғайып болдың,
Жердi емес, көктi, бəлкiм, лайық көрдiң.
Ғайып болдың...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу