Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  134


Автор: Исраил Сапарбай

Ернiм бара бередi ерiнiңе

Ернiм бара бередi ерiнiңе,
Ерке сезiм ес-түссiз емiнуде.
Алпыс екi тамырың иiгендей
Сен де бейғам бейiлсiң берiлуге.
Көзiм түсе бередi тоқ төсiңе,
Көңiл бейiм шоқ көсеп, от кешуге.
Тоқсан тоғыз түймеңнiң түгi қалмай,
Тоғыз қабат торғынды оқ тесуде...
Қолым бара бередi аш белiңе,
Тоят лазым тойымсыз мас көңiлге.
Қамалың да, қақпаң да қаусап калды
Қарсы қайрат қыла алмай лəшкерiме!..
Көңiл ауа бередi алма жаққа,
Қалай қайыл қалмассың ол ғажапқа?!
Жазылмаса жұбымыз екен деймiн
Ап кеткенше Жəбiрейiл Алла жаққа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу