Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  165


Автор: Исраил Сапарбай

Қара қасың қиылған айқабақта

Қара қасың қиылған айқабақта.
Мен қарасам, көзiңдi тайғанатпа.
Қара құстан жүрейiн қорғалақтап,
Бала құстай алдымда айналақта.
Айқабақта қиылған қара қасың.
Мен қарасам байқамай баратасың.
Тақияңа мендей жан тар келе ме?
Кiмдi сүйiп, кiмдi енше жаратасың?
Бiлдiрмеген боласың, сездiрмеген,
Көргенiңмен боласың көзге iлмеген.
Өз-өзiңнен аса алмай жүргенiңде
Өтiп кетiп жүрмесiн мезгiл деген.
Сездiрмеген боласың, бiлдiрмеген,
Қандай сыр бар дiлiңде тiл күрмеген?
Қансонарда iз баққан аңшыдайын
Əлде босқа алаңдап жүрмiн бе мен?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу