Өлеңдер ✍️

  30.09.2021
  125


Автор: Тұрсынхан Әбдірахманова

Торықпа, бауыр!

«Жұлдыз» журналының 2002 жылғы № 9 санынан Серікжан Қажиев деген ақынның «Өмір-тұлпар, жармасамын жалына» топтамасын оқығаннан соң туған жалдар.
Автор

Ақын екенсің төгіліп тұрған
Ар-намысқа көп көңілін бұрған.
Арман-мұңыңды жырға ақтарып,
Заманмен мынау жекпе-жек құрған.
Кездесе берген бейшара тірлік
Үгітпесінші ақынды күл ғып.
«Абыз» қарттар да, төре «бауырлар»
Өткінші дүние өтетін сырғып.
Бай менен кедей — қарама-қайшылық,
Қоғам көрген жоқ одан аршылып.
Мансаптыларды айт арын таптаған
Қолдың кірінің соңында сарсылып.
Торықпа, бауыр, көтер көңілді,
Іздеме әсте оңай, жеңілді.
Қуаныш-кейіс егіз өрілген
Өзі ұсынған Алла өмірді
Ақыл деп ұқпа ұшқары ойлап,
Ірітпе таза көңілімді қаймақ.
Дегендей «бақан жаққан баста бар»
Білдірдім ойды тереңге бойлап.

05.10.2002 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу