Өлеңдер ✍️

  14.09.2021
  362


Автор: Ақылбек Манабаев

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ

Кел,


Кел, кәні,

Ірікпе жатсынып сыр,

Кеңдік пе өзі керегі,

Бас сұғып кір!

Қайрат пенен қаталдық сарайы бұл,

Әр тасында мөлдіреп жас тұнып тұр.



Бедерінен жарқ етер жарастық паң,

Сұлулық па керегі

Қарап сұқтан!

Қарапайым қазақтың қолы ма екен,

Осынау нақыштарды қалап шыққан?!



Өрнектерден ой өріп қаншама ұтқыр,

Тарих сені таны деп қарсы алып тұр.

Күбір етсең, күмбезі күмбірлейді,

Жібергендей тұс-тұстан ән салып қыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу