14.09.2021
  261


Автор: Төкен Әлжантегі

ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГI БАР

Ең әуелi телефон арқылы хабарласты, сосын өзi келдi. Орта бойлы, қараторы, өңдi келiншек екен. Ол қарсыдағы орындыққа отыруын отырғанмен көпке дейiн жақ ашқан жоқ. Әлденеден қысылғандай ернiн жымқырған күйi на- зарын жерден алмайды. Иығын жауып тұрған бұйра ша- шынан дiрiл байқалады.


Мен де үндемедiм. Мұным паңдығым емес, әуелгi сөздi келiншектен күткен сыңайым.


Бiрауық уақыт өткенде келiншек өз-өзiне келгендей маған қарады.



  • Сiз менен ештеңе сұрамаңыз, – дедi содан кейiн бай- салды сөйлеп, – Не үшiн iздедiм, ол өзiме де жұмбақ. Бiрақ өтiнiшiм бар – қолымды қайтармай мына дәптерлердi алып қалыңыз. Бұлар менен гөрi сiзге керек сияқты...


Сумкасын ашты да iшiнен үш дәптер шығарды.



  • Алыңызшы, өтiнемiн...


Қолымды алға создым. Келiншек маған бермес бұрын дәптерлердi аялай кеудесiне қысты. Байқаймын, көз шара- сына жас үйiрiлiптi.


Келiншек кабинет табалдырығынан әрi асып көрiнбей кеткен сәтте де менiң көзiм есiкте болды. Жұмбақ түс көрiп отырғандаймын.


Дәптерлердi қолыма алғанда “Өткен күнде белгi бар” деген жазуды оқыдым. Ал, iшiне үңiлгенде...


Кел, достым, бiрге оқиық. Бұл, бәлкiм, жұмбақ келiншектiң ғана емес, жер басып жүрген көбiмiздiң сы- рымыз болар.


 


I



  • Неге екенiн бiлмеймiн, әйтеуiр биылғы көктем менiң өмiрiме үлкен өзгерiс енгiзетiндей болады да тұрады. Кеш түссе-ақ жүрегiм тулай жөнеледi. Мұндайда өзiммен


 


өзiм қалғанды жақсы көремiн. Шық еткен бөтен дыбыс шиыршық атқан жүйкенi балғамен соққандай әсер етедi. Жақтырмаймын. Шыныдай сынып кетуге дайын тұрамын. Осы халiмдi сезе ме, мұндайда күйеуiм Сәбит те, тұла бойы тұңғышым Сандуғаш та бойларын аулақ ұстауға тырыса- ды.


Жалғыз қалғанда серiгiм ой ғана. Бiрақ тарам-тарам желiлердiң бiрiнiң етегiнен толық ұстай алмаймын. Бiрi кiрiп, бiрi шығып жатқан топандар өрмекшi құрған тор- дай қоюлана түседi. Ұшығына жету мүмкiн емес. Шаршап төсекке жығыламын.


Дәл осы күйдiң өткен күнмен өзектес, өткен күнмен сабақтас жатқанын бiлмеппiн. Ой батпанын арқалап жұмысқа барамын, үйге қайтамын. Бiреулер: “Ауырып жүргеннен саумысың?” – деп жанашырлық бiлдiредi. Он- дайда үндемеймiн. Жауап қатуға зауқым соқпайды.


Осындай күндердiң бiрiнде қарсы столда отыратын Бибiғайша:



  • Майра, уақыт болды, қайтпайсың ба? – дедi шашы- рап жатқан қағаздарды апыл-ғұпыл суырмаға сала ба- стап. Байқаймын, қызметтес қыз бойына өзгерiс енiптi. Әне, қол сумкасынан айна шығарып ұзақ үңiлдi. Шашын түзедi, бетiн ептеп опалады, сосын маған жымия бұрылып: “Қалай ойлайсың, кездесуге осы бетте ұялмай баруға бола ма?” – деп сұрады.

  • Сен опаланбасаң да сұлусың, – дедiм қылықты қыздан әлдененi қызғанғандай.


Сыртқа бiрге шықтық. Көшеде адамдар шоғыры көп екен. Күнұзынғы жұмыстан соң бiр сәт тыныққысы келгендей олар жақын маңдағы паркке бет алып ба- рады.


-Ту-у, кеңседе отыра-отыра мынау ғажап тiрлiктен қол үзiп қала жаздаппыз-ау. Жүр, бiз де бой жазайық, – дедi Бибiғайша таза ауаға шыққан соң тынысы кеңiгендей екi қолын жоғары созып.


 


Демалыс орны еске түскенде жан-дүниемдi толқын жайлап өткендей сезiндiм. Бұрын ол жаққа жақындауға қорқушы едiм, ендi барғым келдi.



  • Келiстiм.


Жұбымыз жазылмай жақындай бергенде өз көзiме өзiм сенбедiм. Осы мекендi қаңырап қалған құла дүз көретiнмiн. Сөйтсем қателесiппiн. Мұнда бiр сезiм отқа шарпылғанмен оның орнына он, жүз, тiптi мың гүл қауыз жарады екен. Олар күн өткен сайын түрлене бередi, түрлене бередi.


Жан-жағыма қызыға да, қызғана да қараймын. Жаңа туған сәби сияқтымын. Бәрi таң, бәрi жұмбақ. Мына оң жақтағы орындыққа жайғасқан қыз бен жiгiттiң күлкiсiн- ай! Олар жер бетiнде тiршiлiк атты ұлы дүрмек барын, ол дүрмектiң күйбеңге толы екенiн, осы күйбең соңында күйкiлiк тұратынын ұмытып, жалпақ әлемдi өздерi ғана жайлап алыпты. Тiптi жанындағыларға мойын да бұрмайды. Бiр-бiрiне тығылған қалыптарында мәз.


Шаршағандаймын. Бiр жерде тұрақтап отырғым келедi. Бiрақ неге екенiн бiлмеймiн, аяғым ерiкке қоймай алға сүйрейдi. Ақыры аққулар жүзген кiшкене көлшiктiң жанына бiр-ақ тоқтадық. Тағы да алдымнан ғажап әлем ашылғандай. Кербез құстар әлемi – махаббат әлемi сияқты.



  • Майра, қарашы, қандай әдемi! Бибiғайша да балаша мәз.

  • Әлгiнде кездесуге жиналғандай едiң, қалып қоймаймысың? – дедiм құрбыма, ұзынша ағаш орындыққа отырғанымызда.

  • Жоға, – дедi ол жайбарақат, – сегiзге келiскенбiз. Сәл кешiгiп барсам да ештеңе етпейдi. Жiгiттер тосу үшiн жаратылған халық қой.


Жүрегiм аунап-аунап түстi. Сол жерде құрбымнан бақытты шын қызғандым. Құдды, мен үркiткен құс Бибiғайшаның алақанына қонардай тарыла қалдым. Де- генмен, анау бұл халiмдi ұқпастан сұрақ қойды.


 



  • Майра, шыныңды айтшы, бiреудi шын сүйiп көрдiң бе? Мысалы Сәбиттi?

  • Кiм?.. Кiмдi?!

  • Күйеуiңдi?

  • Бiлмеймiн... Сүйген секiлдiмiн... – Өтiрiк айттым.

  • Бiр көргеннен бе?

  • Солай шығар... – Басқа не айтайын, бұлыңғыр шықса да тағы жалған сөйледiм. Құрбым бұл жолы да құпияны сезген жоқ.

  • Мiне қызық, ол да маған бiрден ұнады!

  • Кiм?

  • Алтай

  • Ұзағынан сүйiндiрсiн!

  • Танысқанымызға бес-ақ күн, ал бiр-бiрiмiзге кездескелi бес жыл өткендей. Алтай сөз бастаса аяғына шейiн тыңдамай-ақ түсiнемiн. Ол да солай...


Құрбымның одан арғы сөздерiн ести алмадым. Санам- да өткен күндер елесi тұрған.


... Ол кезде бухгалтерлер даярлайтын курста оқып жүргенмiн. Бөлмелес қыздар соңғы уақытта бiр әдет тап- ты. Түннiң бiр уағына шейiн шүйiркелеседi де жатады. Ортақ тақырыптары – махаббат. Бiрде олар тойға баратын- дай жиналды. Қас қарая кезекшiден хабар алды да, апыл- ғұпыл бөлмеден шықты. Аң-таңмын. Әрi-берiден кейiн жалғызсырайын дедiм. Кезектi пәндi пысықтауға отырып едiм, одан да мән шықпады. Сосын ыдыс-аяқты жудым да, төменге түстiм. Ойым – таныстың бiрi кездесе қалса әңгiмелесiп, уақыт өткiзу. Жатақхана өмiрi өзiнше бiр қызық. Кеш түссе-ақ бiрiншi қабаттағы шығар ауыз келушiлерге толып кетедi. Ана бұрышта да, мына бұрышта да екеуден, үшеуден жиын құрған топ. Анықтап қарасаң, олардың ара- сынан жадырай қалған жүздi де, жасаурай қалған жанарды да көресiң. Бiрiне қызығасың, екiншiсiн аяйсың.


Топты жарып өтiп, кезекшiлер отырған бұрышқа жақындай бергенiмде әлдекiм атымды атап шақырғандай


 


болды. Бұрыла берiп байқадым – бөлмелес үш қыз бен танымайтын төрт жiгiт тұр. Жандарына жақындағанымда Орынбасар есiмдi қыз:



  • Танысып қойыңдар, бәрiмiз бiр бөлмеде тұрамыз, – дедi.


Қол алысып таныстық. Теңiзге кезек жеткенде Орын- басар араға қайта килiктi.



  • Майра болмаса бiзбен жақындасатын ойыңыз жоқ-ау, сiрә...


Теңiз өзгелерге қарағанда ересектеу көрiндi. Жiгiт жа- нары ойлы. Адамға бiртүрлi жылыұшырай қарайды екен. Мiнезi де салмақты болса керек, жалаң әңгiмеге арала- спай, сөз ыңғайы келгенде ғана жауап қатады.


Бiр сәт көздерiмiз түйiсе кеттi. Неге екенiн бiлмеймiн, осы жолы мен оған тiктеп қарадым. Ол жымиғандай кейiп танытты.



  • Бүгiнге шейiн көрiнбегенi қалай? – дедi бiр қыз жатар алдында, Теңiз жайлы сөз қозғап. Оны екiншiсi iлiп әкеттi.

  • Жасы отыздарда, сақа жiгiт. Үйлi-баранды шығар. Со- сын алды-артын ойлайды да. Әйтпесе, баяғыда елпiлдеп жетiп келмей ме?


Мынаны естiгенде дiрiлдей көрпе астына тығылдым.


Менi тыншытқан Орынбасар.



  • Адамның сыртынан тон пiшуге құмарсыңдар-ау, – дедi ол күңк етiп, – Жiгiт туралы жолдастарынан бәрiн естiдiм. Бойдақ көрiнедi. Қысқасын айтсам бiр қыздың маңдайына жазылған бағы!


Орынбасар шетiн шығарған бақ маған қонды. Кейiннен бiздiң жұбымыз жазылмады. Кештiң тез түсуiн тағатсыздана күтетiн дәрежеге жеттiм. Көз байлана жатақхана алдында тосып тұрамын. Уәделi уақыттан Теңiз де кешiкпейдi, сосын екеумiздiң жырымыз баста- лады. Сөз байласқаннан кейiн де бiраз уақыт аласұрған сезiмнiң ырқына бағынбай, жiгiттен өзiмдi қашқақ ұстап едiм, кейiннен әлiм таусылып, құшар құшақ, ыстық сүйiстi


 


өзiм аңсап тұрдым. Мұндайда жалын әлемiн емiн-еркiн кешетiнмiн. Бiз осылай табыстық...


...– Ал, мен кеттiм.


Бибiғайшаның сөзiн анық естiсем де сәттi сапар тiлеуге шамам жетпедi. Мен өз жөнiмдi жаңа тапқан сияқтымын. Талайдан берi жанымды құрсап босатпаған шеңгел – ма- хаббат шеруi деп бұрын ойлаппын ба?


Парк iшiн шарлап келемiн. Қайда қарасам да өткенiмдi елестетедi. Бұл жермен Теңiз екеумiз сан жүргенбiз. Мына жатқан жолдарда да бiздердiң iздерiмiз қалған. Тек қана iздерiмiз...


 


II


Үйге кешiгiп оралдым. Жүзiм оңып тұрмаса керек, есiк ашқан Сәбит:



  • Не, бiреу ренжiткеннен сау ма, көзiң бұлаудай ғой, – деп сұрады шошына.


Жауап қатпастан айна   алдына   бардым.   Шынын- да жылағанмын-ау, көзiм қызарып тұр. Шашым да қобдыраңқырап кетiптi. Неге екенiн бiлмеймiн күлкiм келдi. Жынды адамдай сықылықтап күлдiм де.


Сәбит таң. Онсыз да сығырайып тұратын көзi жұмыла қалыпты.



  • Сырқаттанғаннан саумысың?! – дедi ол үрейленiп.


Басымды шайқадым.



  • Ыстық шай iшшi... – дедi қамқор көңiлмен. Ыңғай бермедiм.


Төсекке жатқанда күйеуiм өбектемек болған, бiрақ мен салқындықты жоғалтпадым. Ол өкпелегендей терiс ай- налды. Сәл өткенде қор еткен дыбыс естiлдi.


Мен ояумын. Бөлме iшi қаракөлеңке. Бiрақ, бұл менiң өз күнi шыққан көңiлiме көлеңкесiн түсiре алмайды.


Көзiмдi жұмамын. Дәл қасыма Теңiз бейнесi тұра қалады. Өкпелеген бе жымимайды, қабағын түйедi.


 


Осы қалпында-ақ жаныма тым жақын. Жүрегiм лүп-лүп етедi. Оның да жүрек соғысын естимiн. Алабұртып тұр. Қолынан ұстағым, денесiне денемдi жақындатқым келедi. Бiрақ жете алатын емеспiн. Өйткенi мен ұмтылсам ол қашқақтайды.


Жiгiттiң өкпелейтiн жөнi бар. Бәрiне кiнәлi өзiммiн...


Сәбитпен бiр сыныпта оқыдым. Ол мектеп қабырғасында жүргенде сөз салған. Дегенмен осы арықша, сығырайған қой көздi, салпы ерiн сары баланы жаным қаламаушы едi. Бозбала да менен аса қоймайды. Қабақ шытсам бiр уыс жүзiне қан ойнап шығады.


Курсқа түскен соң да Сәбиттен хат үзiлмедi. Оларды ашпастан жырта саламын. Тек, менiмен бiрге оқитын Сәбиттiң туған апасы Айнұр үйiрсектiгiн қоймайды. Оны бiр, мұны екi сылтауратып бөлмеден шықпайды. Жана- шырым iспеттi.


Теңiзбен кездескеннен кейiн де Айнұр бұл қылығын доғармады. Ол құлақ түбiнен ызыңдайды да жүредi. Бiресе iнiсiн мақтайды, бiресе Теңiздi даттайды. Сондағы бар тағатын кiнәсi – Теңiздiң менен жетi жас үлкендiгi. Осы айырма ертеңгi күнi, ыстық-суығымыз басылғанда, көңiлге жарықшақ түсiретiнiн шегелейдi.


Менiң өз қызығым өзiмде болатын. Айнұрды жүре тыңдаймын. Ол құлағыма бiрдеңе құйып жатқанда көңiлiм мүлдем басқа жақты шарлап кетедi. Шарықтап шығып, көк төрiнде емiн-еркiн қалықтайтынын қайтерсiң. Тiптi, жерге түскiсi келмейдi.


Төрт ай. Теңiзбен бiрге өткiзген бар жоғы төрт-ақ ай санамда жатталып қалыпты. Ұйықтап жатқан жерiмнен әлдекiм оятып алып: “Бәлен айдың түгенi күнi екеуiң қайда болдың?” – деп сұрай қалса мүдiрмей жауап берерiм анық. Тәттi сөздер, ыстық ықылас жеке тұрған сәтiмiзде еншiмiзге бұйыратын. Дегенмен, ұяттан асып кетпедiк, сезiмдердi дер кезiнде тежей бiлдiк. Бұл да бәлкiм, ниетiмiздiң түзулiгiнен шығар...


 


Төрт ай төрт күндей болмай өте шықты. Теңiздi елiне шығарып салып тұрып бұл бiздiң соңғы кездесуiмiз екенiн ойламаппын да.


Теңiз уәделi қыркүйек айында да, қазанда да келмедi.


Сағынышқа толы хаттары ғана демеу.


Мiне, осы шақта Сәбит тарапынан қысымның көбейгенi. Араға күн салмай жатақхана табалдырығын тоздырады. Өзi бiржола қалаға ауысып алған. Күндiз жұмыс iстейдi, кешкiлiк оқиды. Дегенмен, осындай жан алыс, жан берiсте жүрiп маған соғатын уақытты қалай та- батынына әлi күнге таңмын.


Осындай аласапыран шамада курс қыздары ара- сына сыпсың сөз тарады. Айнұрдың аяғы ауыр екен. Ұзынқұлақтың жеткiзгенi – бала Теңiздiкi.


Өмiрiмдегi ең ауыр соққы осы едi. Тұралатып тастады. Айнұрға кездестiм. Ол сазарған күйi: “Бәрiне кiнәлi сен! Сен болмағанда үйленетiн едiк, мен бұлай қарабет атан- бас едiм!” – дедi. Мiне, бұл нағыз көздеп тұрып атқан оқ болатын. Дөп тидi. Құладым. “Адам бiрiн-бiрi алдамай- ды, не айтса да шындықты айтады”, – деп ұққан маған ендi шегiнер жер қалмады. Iстiң ақ-қарасын байыптамай- ақ Теңiзден өш алуды ойладым. Сондағы бар тапқаным – Сәбитке тұрмысқа шығу.


Шiркiн-ай, сол шақта менi тұман арасынан суырып алар бiр жан болса ғой. Мен жалғыз болдым. Айдалаға өскен жалғыз теректей достардан жетiм едiм...


Теңiздiң уәделi уақытта келе алмағанының сырын кейiн бiлдiм. Облысаралық iшкi iстер мектебiн ойдағыдай аяқтаған оның жұмысы өсiп, сол кезде шешуi қиын iспен айналысып жүрiптi. Бiрақ, бәрi кеш-тiн. Тұрмысқа шығып үлгергенмiн. Содан берi   үш   жыл   өттi.   Бiр   сарынды   тiршiлiк мезi қылғандай. Осы күндер iшiнде Сәбиттiң жа- нында болғаныммен бар сана-сезiмiм Теңiзбен бiрге екен. Дәл қазiр сезiп жатырмын, мен соқыр сенiмге алданған пенденiң нағыз өзiмiн. Жауын күткен даладай


 


тыныштығым бүгiнге ғана жеттi. Ендi бұрқасын тұруын, алай-түлей сел құюын қалаймын. Сол сел тезiрек жауса екен, жаңартса екен жанымды. Бар тiлейтiнiм осы.


III


Шынында жауынымның жауар сәтi таяу қалыпты. Алабұртқан жүрек түйдек-түйдек бұлттың қоюланып дәл төбемде жөңкiлiп жүргенiн ерте сезген екен. Мұны таң ата бiлдiм.


Ертеңгiлiк Сәбит Сандуғашты алып бала бақшаға кеткен соң, үстiмдi тәртiпке келтiру үшiн айна алдына барғаным сол, телефон безiлдей жөнелдi.



  • Иә, тыңдап тұрмын.

  • Майра, бұл мен ғой, Бибiғайшамын.

  • Түсiңнен шошып оянғаннан саумысың?

  • Жақсы-ақ ұйықтағандаймын. Тек...

  • Айта бер, құлағым сенде?

  • Саған сондай құпия сыр ашпақпын. Сәбит үйде ме?

  • Сағат сегiзден асты. Бұл уақытта оның қайда болаты- ны өзiңе мәлiм емес пе?

  • Ендеше... – Бибiғайша сәл бөгелiп барып сөзiн әрi сабақтады, – “Турист” қонақ үйiне тез жетшi, ә?

  • Таң атпай одан не аламын? Әзiлiң болар...

  • Жо-жоқ шын айтып тұрмын. Дәл осы бетте ұшсаң да жет. Күтiп тұрамын. Тек, тезiрек!


Тұтқадан қысқа-қысқа дың-дың еткен дыбыс естiлдi. Бибiғайшаның телефон шалысы ойға қалдырды. Аб-


дырадым. Мынаны қалай түсiнуге болады? Жаман ойға барғым келмедi. Ашық, ақжарқын, аузын ашса көмекейi көрiнетiн құрбымның менi ұятқа қалдыруы мүмкiн емес. Сонда бұл шақырыстың соңында не тұр? Әйтеуiр, жаманшылық емес. Онда жиналайын.


Киiнiп жүрiп Бибiғайшаны есiме қайта алдым. Құрбымның басты қасиетi – уәдеге берiк жан. Көркiне


 


ақылы сай. Көркi демекшi... Осы қалада оның сұлулығы жiгiттерге жыр. Қарлығаштың қанатындай қиылған қастарын кере, үлкен қара көздерiн төңкере тастағанда еркек түгiлi әйел атаулы дегбiрсiзденедi. Қыздың қылығы көзге бiрден ұрып тұратын жасанды да емес, ерке мiнездiң толқыны iспеттес. Әсiресе, әлденеге назаланғаны қызық. Қағаздай аппақ жүзiне қан ойнап шыға келедi де, көзi жыпылықтап, жұқаға да қалыңға да жатпайтын ерiндерi томпая қалады. Бұл ұзаққа созылмайды, әлдебiреу әзiлге бұрса бiркелкi тiзiлген маржандай тiстерiн көрсете ұзақ күлкiге басады. Әсiресе, оның бойынан ерекше табаты- ным – турашылдығы.


Бiрде, өткен жылдың үшiншi тоқсанының қорытындысында, маған аға бухгалтерiмiз шүйлiксiн. Қағаздарды есептеу кезiнде қате кеткен бе, әйтеуiр екi аяғымды бiр етiкке тықты. Мен ол қағаздарды қолыма алмағанымды дәлелдеп әлекпiн, ал аға бухгалтер бол- са осы құжаттардың менiң қолымнан шыққанына шүбәләнбайтынын қуаттайды.


Талас үстiнде бөлмеге Бибiғайша ендi. Ол аңырып сәл тұрды да, iстiң байыбына барған соң әмiршiге дүрсе қоя бердi.



  • Нысанаңызды таппай несiне жалын бүркiп тұрсыз,



  • дедi қағаздарды ананың қолынан жұлып алып, – Мына арада Майраның ешқандай кiнәсi жоқ, кiнәлi менмiн. Бұл қағаздар менiң қолымнан өткен. Ал, ендi маған ұрсыңыз. Аға бухгалтер сiлейiп сәл тұрды, сосын тұлан тұтқан күйiнде бөлмеден шығып кеттi. Кейiннен Бибiғайша ауыр соққыларды қайыспай көтердi. “Өз кiнәң үшiн жеген таяқ


май ғой”, – дейтiн.


Оймен такси аялдамасына жетiп, бос машинаның артқы орындығына отырдым. Сөйткенше машина да ор- нынан жылжи жөнелдi.


Әйнектен жан-жағыма таңырқай қараймын. Ертегi әлемiне енiп кеткен сияқтымын. Қала көктемдей түлептi.


 


Жол бойына сап түзеген теректер жапырақ жайып буса- нып тұр. Жол шетiн көмкерген көк те қоп-қою. Сағым көтерiп жер бояуы аспанмен астасып кеткендей. Дәл қазiр бар дүниенi көгiлдiр шiлтер жауып алған. Осы көкпеңбек әлемдi қиып жатқан қап-қара асфальт жол ғана. Сол жол- мен ұшып келемiн. Соңымда күйкi тiрлiк қалса, алдымда ғажайыптар әлемi бар. Бiрақ, оның қандай тылсым екенiн өзiм де айта алмаймын.



  • Бикеш, есеп айырысайық.


Жуан дауыстан шошып кеттiм. Бiз қонақ үйiнiң қарсысында тұрмыз. Қашан жеткенiмiз беймәлiм.


Бибiғайша асыға күтуде екен. Көрген бойда жүгiре ба- сып жаныма келдi де “Жаным-ау, түсiндiрсеңшi, бұл не жұмбақ?” – дегенiме құлақ аспастан жетелей жөнелдi.


Қонақ үйiнiң табалдырығынан әрi аттағанымызда ғана тiл қатты.



  • Өзiңдi жақсылап жөнге келтiрiп пе едiң? Саған кере- мет сюрприз дайындап қойдым.

  • Жаным-ау...

  • Жо-жоқ, босқа әуреленбе, алдын ала айтпаймын.


Үшiншi қабаттың дәлiзiнде сұңғақ бойлы, жасы қырықтың жуан ортасына шыққан кезекшi келiншекке ұшырастық.



  • Кiмдi iздедiңдер?– дедi ол төбесiнен қарап. Жауапты Бибiғайша бердi.

  • Е-е, ана бұйра бас жiгiттi ме? Көршiсi екеуi ертемен кеткен. Сөздерiне қарағанда түс ауа оралуға тиiс.

  • Қап, кешiгiп қалдық!..


Мына жұмбаққа ендi менiң аңсарым әбден ауды. Со- сын құрбы мiнезiн саралай келiп, оның қармаққа iлiнер тұсын iздедiм. Таптым. Ашуланған адамның кейпiне түсуiм керек. Актерлiк шеберлiгiм жетсе Бибiғайшаның маған қарай иiлетiнi даусыз.



  • “Сенген қойым сен болсаң...” Тойдым сюрпризiңе!– дедiм сыртқа шыққанда дауысымды қатайтып.


 



  • Ренжiдiң бе?

  • Осыншама әуреге салдың. Басы бос, желөкпе бiреу санадың ба!? Оныңа көнбеспiн!..


Бибiғайшаға қараймын. Көзi бақырайып, жүзiне қан теуiптi. Атқан оғымның нысанаға дөп тигенi анық. Ендi аттың басын тартпау керек. Сөйттiм де. Тез-тез басып алға оздым.


Құрбымның “сюрпризiнiң” астарында маған таңсық сыр бары айқын. Ол не? Қанша ойлансам да таба ал- маймын. Көрсетпегi Алтай емес. Сонда кiм? Жанымды мазалағаны осы сұрақ.



  • Майра, Майра-а!


Тоқтамадым. Жүре беруiм керек. Сонда Бибiғайша өзi ақтарылады.



  • Майра!


Артымнан тық-тық басқан аяқ дыбысы жақындай түстi. Тезiрек жетсе.



  • Майра, сәл аялдашы?..


Тағы төрт-бес қадам аттадым ба, аттамадым ба, Бибiғайша қуып жеттi де, қолымнан ұстай алды.



  • Шынымен өкпеледiң бе? Кешiршi, ә?.. Бұлай болады деп мүлдем ойламаппын...


Ол ентiгiн басқандай сәл бөгелдi. Сосын көшеде өтiп бара жатқандарды елеместен маған төне түсiп, әңгiмесiн бастады.



  • Мен кеше қонақ үйiне бардым ғой, оны өзiң бiлесiң.


Содан бiз, үшеумiз – мен, Алтай, Теңiз аға...



  • Теңiз?!

  • Иә, иә, сол кiсi...


Бұдан кейiн не болып, не қойғаны белгiсiз. Жүрегiм өрекпiп қайтадан қонақ үйiне қарай жүгiрдiм-ау деймiн...


Мiне, жауыным осылай басталған.


 


IV


Жоқ, мен қателесiппiн. Жауын жауып, жанымды та- зарта ма десем, ол жүрегiмнiң ұйқы-тұйқысын шығарды. Су астында сүмеңдеген баладай болдым да қалдым. Де- неме тиген әрбiр тамшы қалғыған көңiлiмдi тiтiркендiре түседi. Мұндай сәтте өткен күндердiң әрбiр минуты, әрбiр секунды тарам-тарам жолдарға шақырады. Оның ми батпағы да, тақтайдай даңғылы да, өрi мен еңiсi де бар. Ой жетегiне еремiн. Бiр ғажабы алқынбаймын. Әлде оны өзiм елемеймiн бе, әйтеуiр шаршау дегендi ұмытқан сияқтымын. Алдымда дiттеген межем де жоқ, дегенмен тоқтамаймын. Мейлi, адасайын, мейлi, құздан құлайын, ол түк емес, тек жүре берсем, жүре берсем.


Кезiнде бiрге қыдырып келе жатқанымызда: “Махаб- бат дегенiмiз не?” – деп сұрағаным бар. Теңiз бөгелмедi: “Махаббат па? Егер екеумiз бiрiмiздiң жетiстiгiмiзге бiрге қуанып, бiреумiздiң күйiнiшiмiзге бiрге қайғырсақ, сәл алыс кете қалғанда жүрегiмiз елжiреп сағына алсақ, бiрiмiз жоқ жерде мына өмiр тұл көрiнсе онда мызғымас жұп құруға толық құқымыз бар. Махаббат дегенiмiз сол”, – деген.


Сөйтсем мен махаббаттың құлы екенмiн-ау. Теңiздi жоғалтып едiм, өзiм жоғалдым; оны таптым – өзiм де жаңа туғандаймын. О, құдырет, тұрмысқа шыққан үш жыл iшiнде қараңғыда тiнтiнген жандай iздегенiм сүйгенiм екен ғой, неге ерте ұқпағанмын! Кейде шырт ұйқыдан ояна кетсем Сәбиттi тас қып құшақтап жатқанымды көремiн. Ояна сала бiлектерiмдi жазып, терiс аунаймын. Бұл өзiмдi де, өзгенi де қорлағым келмегенi. Мұндайда солтүстiк мұхитын құрсанған мұзға ұқсаймын. Жақындағанды қаритыным аян.


Кабинетке келген соң да ойымды қайтара алмадым. Тiзгiн бермес асаудай ол бiр қиянға сүйрелейдi. Стол үстiндегi қағаздар жайына қалғалы қашан. Бұл күйiмдi байқап отырған бiр-ақ жан. Бибiғайша қапылыста бiр


 


асыл дүниенi сындырып алғандай жапақ-жапақ етедi. Оны да жаныммен сезiнемiн. Ал, санам... Санам өткенге табан тiреп айырылмайды...


... Көкек айының басында Теңiздiң туған күнiн атап өткенiмiз бар. Түс ауа бес-алты қыз-жiгiт қала сыртындағы орманды алқапқа шағын дастархан жайдық. Аспан бұлттанып, жаңбыр сiркiреп тұрған.


Дәл сол уақытта жер басып жүрген адамдар арасын- да менен асқан бақытты жан болмаған шығар. Ашық- жарқын күлемiн, не айтқым келсе iркiлмеймiн. Мiнез салмақтылығының мысқалы қалмаған. Көңiлiм шарықтап көк төрiн еркiн шарлайды. Жер тартылысын сезiнбейтiн сияқтымын.


Аздап дәм татқан соң серуенге шықтық. Екеу-екеуден жұп құрған достарымыз орман iшiне сiңiп кеттi. Бiз бұған қуанбасақ, ренжiмедiк.


Дастархан жайылған тұсқа қайта оралғанымызда есiне әлдене түскендей қалт тұра қалған Теңiз:



  • Сәл, сабыр етшi, – дедi де қолына бос стақан алды, – Шынының сынғаны бақытқа меңзейтiнi рас па?

  • Сен жоралғыға сенесiң бе?


Қарсы сұрағыма жауап қатпастан ойланған қалпы алыстарға қарады. Жүзi алаулап тұр.



  • Кейде сенуге тура келедi, – дедi сосын жымиып.

  • Мен де сенемiн.

  • Онда...

  • Бала болып кеттiң бе?..


Теңiздiң жоғары көтерiлген қолына жармастым. Де- генмен, дәл қазiр оны райынан қайтару мүмкiн емес-тiн. Шоқтай жанған жанары жiгiттiң ойлағанын iске асыруға берiк бекiнгенiн ұқтырады.


Ол ыдысты құлаштай лақтырды. Әрiрек тұстан бұтақтардың тысыры естiлдi. Екеумiз алға бiрдей ұмтылдық. Стақанды тапқанда таң қалыстық. Бүп-бүтiн. Тiптi сызат та түспептi.


 


Мынаны көргенде жiгiттiң жүзi күреңiтiп кеттi. Қалыңдау бiткен қабағы жиырылып, денесiне дiрiл пайда болғанын байқадым.


Теңiз шалт қимылмен ыдысты жерден қақшып алып, бар күшiн сала тағы соқты. Шыны бұл жолы да былқ етпедi. Қары жаңадан ерiп, бойына су қорын толық сiңiрген жер мамық тәрiздi, былш-былш етiп ыдысты қағып алады.


Жiгiтке қараймын. Тiстене түскен. Ыза буған бойын игере алатын емес. Тап қазiр ебiн таппасаң атылып кетуге шақ қалған мылтық секiлдi.


Ендi мен алға оздым. Лай-лай ыдысты жерден жайлап көтердiм де, қатқылдау тұс iздедiм. Себебi – қанша күште дәл мынадай лайсаңда шыны сындыру мүмкiн емес. Сөйткенше көзiм құрғақ жатқан дөңге түстi. Аяңдап ба- сып әлгiге жеттiм де ыдысты тастап жiбердiм. Шашырай төгiлген жарықшақтар тұс-тұсқа домалады.



  • Мiне, сенi бақытқа бөлейтiн мен екенмiн! – дедiм

  • Мүмкiн емес... Бұл қалай? – дедi жiгiт абдырай. Жүрегiм қуаныштан лүп-лүп етедi. Еркелегiм келдi.

  • Солай, ендi менi бақытым деп ұқ!

  • Оған сөз бар ма!


Теңiз аралықты бiр-екi-ақ аттап жеттi де құшағына қысты. Өзi күбiр-күбiр етедi:



  • Иә, иә, бақытым да, барым да сенсiң, жаным!


Мiне, бұл – өмiр-тiн. Мәнi, мағынасы бар кезең едi. Жүрек соғысы, ой ағысы тәттiлiктi ғана жариялап тұрған. Күлсең шын ниетiңмен күлесiң, жыласаң... Соңғысына кейiн жазды ғой. Ал, бiрге өткiзген төрт ай iшiнде бiз тек қана күлдiк, жарқылдай күлдiк.


Ал, соңғы үш жыл бойы мен шындап жадырадым ба? Ондай шаққа жетпеген болармын. Жетпедiм де. Мен қауызын аша алмай солған гүлге ұқсадым. Солғаным емей немене, тәнiмдi ауырта, көз алдыма қызылды-жасылды ұшқын шашып бөлек дүние тұңғиығына сүңгiткен


 


алғашқы төсек қызығын да анық сезiнбедiм. Бәрi бiткенде қызылға тойған қасқырдай тоқ көңiлмен ыңыранып жатқан Сәбитке жиiркенiшпен қарағаным есiмде. Дәл осы арада өле қалсам өкiнбесiм анық. Бiрақ көрер таңым бар екен өлмедiм, жер басып жүре бердiм. Әлдекiм күлсе күлгеннiң жөнi осы екен деп ыржиып, әлдекiм күңiренсе... О, онда жан-дүнием босады. Оңашада көзi ашылған бұлақтай көз жасыма ие болмай қалатыным да осыдан.


Иә, тiршiлiк теңiзiн кешкен адамзат бақытсызбын деп айтуға қақылы емес, сорлымын деуге мәжбүр. Бақыт жоқ емес, бар. Ол алақаныңа бiр-ақ рет қонады. Ұстасаң



  • ұстағаның, ұшырсаң – өмiр бойы опынғаның. Мен де үркiттiм, ендi бәрiн өз сорымнан көрудемiн...


...Безiлдей жөнелген телефонның ащы дауысы ойымды кiлт үздi. Бибiғайша маған қарады. Бiрақ менде дәл қазiр тұтқаны алуға қуат та, құлық та жоқ болатын. Соны сездi ме байбалам салған телефонға құрбымның өзi барды.



  • Алло, иә, иә, менмiн... Алтай!.. Ой сен де... Бiлесiң бе, ертеңгiлiк бiз барғанбыз. Иә... Ол сырқаттанып...


Әңгiменiң өзiм туралы болып жатқанын ұққан сәтте қайтадан өрекпiдiм. Бар зейiнiм қыздың аузынан шыққан сөзде. Оның ұзақ әрi мен жайлы өрбуiн қалаймын.



  • Әрине, түсiнемiн... Кешке ме? Мiндеттi түрде! Май- ра? Бiлмеймiн...


“Қалмаймын, мiндеттi түрде барамын”, – деймiн iштей буырқанып.


Бiр жерден оқығаным бар едi, онда: “Адам өлер шағына бiр сағат қалғанда өз бақытын аңсап тұрады”, – деп жазылған. Олай болса менiң де бақытқа қол созуға құқым бар шығар...


 


V


Бiрақ, ұяттан аттап кете алмадым. Туғанда ана сүтiмен бойға сiңген ұяңдық арнасынан асып-тасуға ышқынған асау сезiмге тұсау салды. Сонсоң-ақ күнұзынғы шарықтау шегiне жетiп, үзiлуге шақ қалған сабырсыздық бәсеңсiп, жанымда ойнақтаған дауылдар күшiн жоғалтты. Жұмыс аяқталғаннан кейiн бiрден үйге қайттым.


Есiктi ашқан бетте құлағыма Сәбиттiң даурыға шыққан дауысы шалынды. Осыдан-ақ қонақ келгенiн ұқтым. Ендi өзiмдi барынша сыпайы ұстауға тырыстым. Төрге бөлмеге бас сұққанымда Сәбит:



  • Мәссаған, дабырласып отырып премьер министрiмiздiң келгенiн де байқамаппыз-ау, – дедi елпiлдей. Оны төрде отырған аққұба өңдi, сида еркек қағытып өттi:

  • Тәрiзi премьердiң тегеурiнi болар президентiмiз ұшып кете жаздады ғой...


Ештеңенi елемегенсiдiм.



  • Бүгiнде ол кiсiнiң атқаратын мiндетi көп.Әйткенмен үй iшiнде бәрiн шешетiн бiз, – дедi Сәбит ыржиған қалпы. Екiншi қонағымыз Айнұр екен. Иә, иә, кәдiмгi Айнұр.


Аздап ысылыпты. Бұрын домаланған топ-толық едi, қазiр құлын мүшесi дараланып, жұп-жұмыр денесi еркек көзiн шақыратын дәрежеге жетiптi. Кеудесiн керген анары гүлдi көйлегiн шiреп бақталас әйелдердi iштей опындырғандай. Әлде жасандылық, әлде сәттiк құбылыс – мiнезi де бып- биязы.


Бос тұрған ыдыстарды ауыстыруға ыңғайланған едiм, Сәбит бөгедi. Ол әуелi қыпша бел рюмкаларды толтырды, сосын тамағын кенедi.



  • Байбол, ендi сен бөтен емессiң. Бiрiмiз – жезде, бiрiмiз



  • балдызбыз. Ал, Айнұр апам болса, Майра – келiншегiм. Ендеше, бұл тосты одағымыздың әрқашан берiктiгiне көтерудi ұсынамын.


 



  • Балдыз айтса жан қала ма, көтердiм!


Рюмка ернеуiне ернiмдi тигiзiп, қайта столға қоя бер- ген едiм, жездемiз қолымды қақты.



  • Ойпыр-ай, жақсы ниетке алмағанда қайда аламыз, қоймаңыз, елдiң көңiлiне қараңыз?..


Оны Сәбит iлiп әкеттi:



  • Байбол дұрыс айтады, қуаныш үстiнде көтергеннiң еш айыбы жоқ.


Кергiмедiм, көзiмдi жұма берiп тартып жiбердiм.


Көңiрсiк иiс қолқамды атты.


Жасаураған көзiмдi Айнұрға қададым. Ол жаңа түскен жас келiндей сап-салмақты. Екi бетiнiң ұшы қызарып, балбырап отыр. Осы күнге шейiн түк көрмеген, түк сезбе- ген сияқты. Көңiлiм бұлқан-талқан болды. Дегенмен, шу шығармадым.


Келесi сөйлеу кезегi Байболға берiлген едi, ол керги қалды.



  • Бүгiнгi күн естен шықпас ғажап күн! – дедi содан кейiн жағалай отырғандарды шолып шығып, – Әрине, бұл жалғыз менiң емес бәрiмiздiң әсерiмiз екенiне сенемiн. Айнұрға кезiктiрген тағдырыма ризамын! Сендер де келiңдер, келiп жаман жезделерiңе еркелеңдер. Бiр еркелiк түгiлi мың қиқарлықтарыңды көтере аламын. Сәбит, жаңағы айтқаным айтқан, соғымың мойнымда. Қалыңсыз қыз алатын еркек мен емес. Бiр сөзге тоқтасам – сыйластығымыз бұзылмасын!

  • Мiне, жiгiт!


Сәбиттiң жанары бұлыңғырланып тұр. Онсыз да салпы ерiнi төмен түсiп кетiптi. Екi шекесiнде бiлеудей болып көрiнiп тұратын тамырлары көкпеңбек. Осыдан-ақ, масаң екенi байқалады.


Тағы бiр аңғарғаным – Байбол мақтанышқа жақын. Бiр совхоздың бiлдей бас бухгалтерi екенiн бiрнеше рет қайталады. Қат дүние атаулыға қарық қылып тастады. Тәрiзi, жездесi ұнаған ба, ол не десе Сәбит шыбындаған атша бас шұлғиды.


 


Ал, маған мына отырысты ұнады деу қиын. Ортақ әңгiме, жарастықты әзiл болмаған жерден не қайыр...


Шай iшiлiп бiткенде бос ыдыстарды алып ас үйге шықтым. Көңiлiм бей-жай. Ештеңе iстеуге құлқым жоқ. Дел-сал күйде тұрғанымда жаныма Айнұр келдi.



  • Мынауың кiм?– деп сұрадым үнсiздiктi бiрiншi бұзып. Қайынбикеме арналған бар зiлiм осы сұрақпен бiрге ақтарылды.

  • Жiгiтiм. Вернее – күйеуiм.

  • Үйлендiңдер ме?

  • Жарты ай өттi.

  • Ұзаққа ма, әлде?

  • Дәм-тұзымыз таусылғанша.

  • Сүйетiн шығарсың?

  • Ұнатамын.

  • Дұрыс-с-ақ!..


Қаншама өзiмдi-өзiм ұстайын десем де iште бұрқ-сарқ қайнаған ыза ма, кек пе, бiр дүлей ықтиярға көнетiн емес. Жүрегiм өрекпiп, басыма қан тебедi. Дәл қазiр неден бол- масын тайынбайтыным аян.


Осы сәт Айнұрдың қолы иығыма тидi. Тына қалдым.



  • Өкпең әлi тарқамаған-ау, – дедi ол сынық дауыспен, – Бәрiн ойлап iстедi деймiсiң...


Жалт қарадым.



  • Сонда?..


Айнұр сөзiн жайбарақат жалғады:



  • Мен екiқабат күйiмде қалдым. Кiмнен? Оны жасы- ру керек болды. Жiгiттi жанымдай жақсы көретiнмiн. Ол алдады. Шырынымды сорды, қаңқамды лақтырып таста- ды. Сонда да сүйдiм. Егер шындықты ашсам ол сотталып кететiндей көрiндi. Оның үстiне Сәбиттiң қыңқылы... Қайтейiн...


Қайынбикемнiң аузынан шыққан   сөздер   жаным- ды тiтiркенттi. Қос жанардан төгiлген жас қапалы келiншектiң сан жыл бойы еңсесiн езген мұңдай көрiндi.


 


Ендi оны аядым. Аяқ астынан мiнезiм де өзгердi. Мен де жылап тұрғанмын.



  • Жыламашы, – деймiн осы қалпымда анаған қайрат берiп, – әлсiз бола бермейiк те...

  • Қайтейiн, бiр сордан арылып, жарыққа шықтым ба десем айналып сол сорға қайта тап келемiн...


Айнұрдың сөзiнiң жаны бар. Жолы болмай-ақ қойды. Сол жылдың аяқ шенiнде тағы бiреумен сөз байласқан. Онысы да iзiм-ғайым жоғалды. Опа-далап- ты баттастыра жағып алып көрiнгенге қылмыңдайтын дүкеншi қызбен көңiл қосты да, үштi-күйлi құрыды. Ал, мынасы...


Осыларды саралай келе:



  • Сордың да соңы бар шығар, – дедiм күрсiнiп. Арамыз бiрте-бiрте жақындай түстi. Бұған, бәлкiм,


жүректерде шемен боп қатып қалған махаббат мұңы, бәлкiм ортақ өкiнiш әсер еттi, әйтеуiр күнұзынғы ызғарды бiр жылы леп ерiтiп жiбергендей. Пенде емеспiз бе, бiрiмiзге екiншiмiз аяушылықпен қараймыз.


Ендiгi сөздi Айнұр бастады.



  • Қазiр Теңiз қайда? Хабарың жоқ па?

  • Ол осында.

  • Да-а!

  • Қонақ үйiнде.

  • Жолыққан шығарсыңдар?

  • Әзiрге жоқ.

  • Оған да обал жасадым-ау. Сыртынан қаңқу сөз таратқанымен кезiнде курстiң көп қызы ғашық едi...


Iшiмдi қызғаныш жайлады.



  • Солардың бiрi емеспiсiң?

  • Онда өз “пiрiм” бар-тын. Әйтсе де Теңiздiң жүрiс- тұрысы, мiнезi, сөзi ұнайтын. Кейде өз “пiрiмдi” онымен салыстыра келе жақынымнан көп кемшiлiк тапқанымды мойындаймын. Дегенмен, шын сүйген адамның кешiрiмi де көп...


 


Шынында әйел халқының сүйгенiне деген кешiрiмi көп-ақ. Онысы бағына ма, сорына ма, айырып жатпайды. Еркелетсе ерiп түседi. Әйткенмен көп жағдайда еркектiң қолынан еркелету келе бермейдi-ау. Тоғышар күйге кiм дәру? Тоғышарлықтан мен де жерiдiм. Сәбит басқаша жағдай жаса- са, бәлкiм жүрек жылыр едi. Оған жазбаған тағдырға не нала! Сыры да, мұңы да бiр қос келiншек ыдыстарды мұқият жудық. Екеумiзге де тап қазiр мына жұмыс бiтсе дүние төңкерiлiп              кететiндей    көрiнедi.         Қабат-қабат    жақпар түбiнде көптен берi қатқан тоң ерiп, көңiлiмiзге жылылық


құяды.



  • Ертең сенбi, қыдырып бой жазып қайтайық, – дейдi Айнұр ұсыныс жасап.

  • Сәбит жұмысқа барады...

  • Сол да проблема болып па! Мен, сен, Сандуғаш – үшеумiз де адам шығармыз.

  • Байбол ше?

  • Оның да шаруалары бар.


Төргi бөлмеге қайтып оралғанда екi еркек екi жерде ұйқы құшағына сүңгiптi.


 


VI


Қостанай өңiрiне биылғы көктем кеш келгенiмен күн жылына көк дүр көтерiлiп, маңайды масаты кiлемдей құлпыртып жiбердi. Көшелер бойын қуалай өскен теректердiң тұтаса бiткен жапырақтары самал тербеген сайын толықсып бой жеткен қыздардай сылаң қағады. Биiк үйлермен бой таластырған ағаштар құстарға толы. Олар сан құбылған үнмен сайрай жөнелгенде бойыңа шым-шымдап тарап жатқан ғажап дүниенi сезiнесiң.


Көктемнiң тағы бiр ерекшелiгi – қар кеткелi көк күмбезiн бұлт торлаған жоқ. Кей күндерi ертеңгiлiк тұман тұмшалағанмен жер қыза бәрi тез айығады да, аспан мөлдiреп шыға келедi.


 


Бүгiн де жаймашуақ. Далада үп еткен жел бiлiнбейдi. Тостағандай төңкерiлген көк тұп-тұнық. Осы емеурiнiмен түске қарай ауа ыси түсетiнiн танытқандай.


Жалпы бұл өңiрге ынтықтырып жететiн көктем соңы мый қайнатар ыстыққа айналып сала беретiн кез көп. Мұндайда жылдың қыз қылықты шағымен толық қауыша алмай отты лауға түсiп кетесiң. Табиғат биыл да осы сый- ды алға тартпақ-ау, тым ашаңданып алған.


Автобус көкке оранған көшенi көктей орталық парк алдындағы аялдамаға тоқтағанда сағат тiлi он бiрдi көрсетiп тұрған. Ыстықтады ма, жерге түскен соң Айнұр сулығын шешiп, қарына iле салды.



  • Қос боздағымыз түстiктен құр қалмасын, – дедiм күлiп. Айнұр қолын бiр-ақ сiлтедi.

  • Олар қашанғы отымызды оттап, суымызды сулап жүре бермек... Асханадан ас iшсе iштерi кеппес.


Шынымды айтсам менiң де үйге тез қайтуға зауқым жоқ. Шулы орта бұйыққан жанымның дәруi секiлдi. Осы ортадан әлденеңдей тылсымды iздейтiнiм анық. Жүрегiм өз-өзiнен өрекпидi. Оның неменеге асығып, неменiнi тағатсыздана күтетiнi белгiсiз.


Сүйiктi орын – жасанды су қоймасының жиегiне жетiп, аққулар қылығын тамашалай қалдық. Екi жа- сар Сандуғаш та томпаңдай басып барып цементтен құйылған жағадан балалық қызығушылықпен алдыңғы жаққа көз салады.


Аққулар ештеңеге мән берер емес. Самсаған адам- дар үйреншiктi дағдыға айналған ба, не үрiкпейдi, не қаймықпайды. Еркiн жүзiп келiп балалар лақтырған жемдi iлiп алады да, артынан аспай-саспай тарануға кіріседі. Қылығы назды. Құстар әлемінiң кербезi өзi екенiн сезiп, сол сезiмнiң құшағында балқып жүргендей.



  • Майра, сенiң осы Теңiздi шынымен бiр көргiң келмей ме? – деп сұрады Айнұр көзiн көлден айырмаған күйi.

  • Оны кiм айтты?.. – дедiм ширыға қалып.


 



  • Қызық, мен алғашқы сүйген адамыммен кездесудi әлi ойлаймын. Әңгiмелессем, ақыл сұрасам. Мүмкiн сонда айналаға көзқарасым өзгерер...


Ол сөзiн аяқтамастан тұрып қалды.



  • Зачем осындай күйректiк! – дедi әлден уақытта қолын сермей, сосын оң жағына бұрыла берiп таңырқай дауы- стады: – Ой, кого я вижу!


Таныс бейненi көргенде денем қалтырап қоя бердi. Ауа жетпегендей тынысым тарылды. Буын-буынымды ұстай алар емеспiн. Қорыққандық па, қуанғандық па жүрегiм аттай тулайды.



  • Сәлеметпiсiң, Майра! Тiлiм байланып қалғандай.


Бiз бiр-бiрiмiзге қараған күйi ұзақ тұрдық. Сезiмге бой алдыру арқылы iштей сөйлескенiмiз де анық.


“Мiне, кездестiк!” – деймiн мен түйсiгiммен тiл қатып.


Теңiз дәл осылай жауап қатады. “Иә, иә, кездесу деп осыны айт!” “Мен сенi көп ойладым”...


Мен де, жаным” “Үш жыл өттi, ә?”


“Ғасыр жүгiн арқалаған үш жыл” “Бақыттысың ба?”


“Бiлмеймiн, жаным, бiлмеймiн” “Мен сенi сүйемiн!”


“Сенемiн, Майра, сенемiн”.


“Тағдыр бiзге осыншама неге қырын қарады екен, ә?..” “Аямады ғой”


“Кiнәмдi кешiршi, ә?!”


“Өкпелеспейiк. Шын сүйе бiлген адамдар бiр-бiрiне ешқашан кiнә артпайды”.


“Рахмет! Сенiң осылай айтарыңды бiлгенмiн”



  • Мама! Ма-ма-а!


Денеме шым-шымдап қан тарады. Iштей болса да тiлдескеннен    кейiн   жан-дүниемдi жайлаған                         толқын


 


басылған сияқты. Теңiз бойынан өзгерiс iздеймiн. Таба- мын да. Жiгiттiң көз айналасына әжiм түсiптi. Бүйрек бетi де тереңдеу сызықтармен бөлiне қалыпты. Әсiресе, маңдайындағы шиырлар ерекше. Қабақ кергенде жолақ- жолақ болып шыға келедi. Өзгермегенi жанары. Әлi ойлы, әлi тұнық қалпында адамға жылыұшырай қарайды. Осы- нысымен мұзды ерiтiп, тасты үгiтетiндей.



  • Мама! Ма-ма-а!


Етегiме жармасқан сәбидiң дауысын жаңа естiп, еңкейе бергенiм сол едi, үлгермедiм. Теңiз көз iлеспес шапшаңдықпен Сандуғашты көтерiп алып, маңдайынан иiскедi.



  • Кiшкентай Майрамысың? Хал қалай?


Күш ала бастадым. Теңiздiң Сандуғашты жатсынбауы көңiлiме батылдық енгiздi.



  • Байқасаңшы, үстiң шаң болады ғой... – дедiм тiлге келiп.

  • Ештеңе етпейдi, қақсам кетедi.


Тiксiнiп қалдым. Теңiз: “Өмiр бойы өкiнiш дағын са- латын күйкi тiрлiк шаңынан сақтағай” – деген ойды аңғартқандай.


Дегенмен секемшiл көңiлдiң сандырағы ұзаққа созылған жоқ, араға Бибiғайша араласты да таныстық басталды.


Құрбым неше күн құлағыма жыр қып құйған Алтай орта бойлы, бидай өңдi, ат жақты, қою қара мұрты бар жiгiт екен. Сөзге де қара жаяу емес. Танысқан соң шағын топты бiрден үйiрiп әкеттi. Ол әуелi қызықты әңгiмелерiмен бәрiмiздi күлдiрдi, артынан түрлi ұсыныстар жасады. Мен олары- на бас шайқағанмын. Дегенмен, қалған бiр келiншек пен бiр қыз Алтайдың дегенiне жығылды. Содан сәл өткенде бiзден рұқсат сұрамастан Алтай, Бибiғайша, Айнұр ара- мыздан жылыстай бердi. Тiптi жөндерiн де айтысқан жоқ.


Екеуден-екеу қалғанда жүрегiмдi қайтадан толғаныс буды. Сөйлегiм, iшiмдегi барлық сырымды лақ еткiзiп ақтарып салғым келедi-ақ, әйткенмен батылым бармайды.. Ауызымды ашсам иегiм кемсеңдеп, көзiмнен жас төгiлетiндей. Теңiзге


 


жаутаңдаймын, ол да жанарын менен алмайды. Қарашыққа мұң ба, сыр ма, бiр тұнба тұныпты. Оны не аярлығы, не арамдығы жоқ көгiлдiр айна жасыра алатын емес.


Бiз тағы да сезiм арқылы сырласып кеттiк.


“Өмiр толқыны үйiрiп әкелгендегi жеткен жерiмiз осы ма?” – деп сұрайды жiгiт көңiлi алабұртып.


“Жазған құлда шаршау бар ма?..” – дейдi менiң жан- дүнием.


“Бәрiн тас-талқан етсек қайтедi?” “Күшiмiзге қарайық, еркiмiзге салайық”.


“Бақытқа да, сорға да жол ашатын өзiмiз ғой”... “Иә, бәрi өз қолымызда”.


“Көңiлiң баяғыша шығар?”


“Жаным-ау, арада өткен үш жыл сезiмiмдi өршiтпесе өшiре алмағанын қалайша түсiнбейсiң!”


“Түсiнемiн, бiрақ...”


“Менi боркемiк деп ойлаймысың? Бiр бекiнбейiн, бекiнсем жолымда тау тұрса да қайтпаймын!”


“Ризамын саған, жаным” “Күнiм менiң!”


Бұдан әрi жiгiт жанында тұра беру қауiптi едi. Бiр босасам қайтадан өзiме келе алмайтынымды түсiндiм. Түсiндiм де мына арадан қашуға бекiндiм.


Автобус аялдамасына жеткенде Теңiз Сандуғаштың екi бетiнен кезек-кезек сүйдi.



  • Өзiңнен айнымайды, – дедi сосын күрсiнiп.

  • Баламыздың маған тартқанын қалаушы едiң ғой?

  • М-м, солай-тын...


Автобусқа мiнгенде iшiмдегi құйын қайтадан бұрқанды. “Топас! Тоңмойын!” – деп өзiмдi өзiм сөктiм. – Тұра тұрсаң қайтетiн едi! Осыншама уақыт кездеспеген- де, сарылып осы кездесудi күткендегi көрсетпегiң осы екен ғой. О, опасыз!..”


Бiрақ бәрi кеш-тiн. Автобус келесi көшенi айналып та үлгерген.


 


VII


Айнұр көңiлдi оралды. Үй iшiнде ыңылдап өлең айтып әрлi-берлi жүрiп алды. Бұрын мұндай әдетiн байқамаған едiм, қазiр:


“Бiрге өткiздiк талай күндi бал шырын,


Сөздерiң мен сымбатыңа балқыдым” – деген жолдар- ды он қайталайды. Бiлмеген тұсында дайын тұрған “ля- ля-лясын” қосады. Ара-арасында денесiн вальс ырғағына бейiмдеп дөңгелене жөнеледi.



  • Мынауың ненiң желiгi?– дедiм жүйкем жұқарып.


Қайынбикем ештеңе елемегенсiдi.



  • “Сағындым ғой, қайда жүрсiң, алтыным...”

  • Қойсаңшы ендi, бала болып кеткенбiсiң?.. Айнұр сонда ғана тоқтады.

  • Не?

  • Неменеңе есiрiп жүрсiң?

  • Есiрiп? Мен есiрдiм бе?..

  • Иә.


Қайынбикем қарсы жауап қатқанда ұрыс туып кетуi мүмкiн едi. Оған бейiм тұрғанмын. Осы жасқа жеткенше бiреудiң намысына тиер ауыр сөз айтпағанмен дәл қазiр долы әйелдердей Айнұрды беттен алғым келдi. Бұрқансам, сонда iштегi алас ұрған аласапыран тарайтын секiлдi.


Бiрақ Айнұр жүз шайысуға бармады. Көңiлдi қалпын бұзбаған күйi жаныма жайғасты да құшақтады.



  • Ой, сен де... Өкпелеп қалдың ба? Керiсiнше бүгiн қуану керек емес пе!

  • Неменеге жетiсемiз.

  • Ертең қала сыртына серуенге шығамыз.

  • Сонда кiмдер серуендемек?

  • Бәрiмiз. Солай шештiк. Көз алдыңа елестетiп көршi – айналаң көкпеңбек, етекте сылаңдап Тобыл өзенi ағып жатыр. Оңың да, солың да орман, ал онда сансыз құстар. Ғажап қой!


 



  • Мүмкiн... – дей салдым самарқау ғана. Айнұр бұған қанағаттанбады:

  • Дәл солай! – дедi қызбаланып, – Өз басым мұндай ғажайыпты ешқандай кiдiрiссiз қабылдадым, сондықтан Алтай ұсыныс жасағанда бiрiншi болып қол көтердiм.


Ол сәл кiдiрдi.



  • Маған Алтай керемет ұнады!

  • Бiр көргеннен бе? Несiмен?

  • Тамаша жiгiт! Онымен жүру көңiлдi. Бiрақ iшiн алдырмайды. Жұмысы әбден үйретiп тастаған-ау, ша- масы...


Айнұрға жақтырмай қарадым.



  • Сүйiп қалғаннан саумысың?

  • Сүю құқығынан әлi ешкiм айырған жоқ шығар.

  • Сонда нарқоспағың қайда қалады?

  • Байбол ма? Ол да жаман жiгiт емес. Айдауыңа жүре бiледi. Дегенмен, Алтай қолыма түссе өмiр бойы құлы боп өтер едiм.

  • Адам тұрмысты бiреудiң құлы болу үшiн құрмайды ғой.

  • Ал, мен бәрiне ризамын.

  • Сен жеңiлтексiң!

  • Мiне, мұның қате пiкiр.

  • Өмiр туралы терең ойлай алмайсың. Олай болса, сен- де тұрақты махаббат жоқ!

  • Бұрын сүйдiм ғой...

  • Ол өткен iс.

  • Сен де өткеннiң шылауында жүрсiң.

  • Менiкi мүлдем бөлек дүние!

  • Сонда да... айырмамыз шамалы-ау...

  • Сен... Сен...


Тұтығып қалдым. Қайынбикеме арналған ызам бұрқ- сарқ қайнауда. Адал махаббатыма шаң жұқтырғысы келетiн осынау жанды атарға оғым жоқ. Теңiздi жан- нан артық бағалайтынымды, ол үшiн түн ұйқымды төрт бөлетiнiмдi қайдан бiлсiн, бұл сорлы. Ең құрымаса


 


жүрегiмнiң лүпiлiн сезсе. Жоқ, ұқпайды. Одан ондай сезiмнiң ауылы алыстап кеткенi қашан...



  • Сен топассың! – дедiм шаңқ етiп.

  • Ол екеумiзден асып кете қоймаған шығар!

  • Сенi көргiм келмейдi-i!

  • Менен ендi қашсаң да құтыла алмайсың.


Тұтанып келе жатқан өрттi үйге дабырлай енген ер- кектер дауысы басты. Әйткенмен жанымды жұлқылаған ашуды iзiм-қайым жоғалта алмадым. Тереңнен бiр сайтан түрткiлеп әлдекiмге тиiсудi ойлаймын. Қарсыласымды тұқыртсам, оны бас көтермейтiн етсем ғана бәрi тарай- тындай. Ал, бұйыға түссем жарылып кететiн сияқтымын.


Осы бетте аздап iшкенiн пайдаланып Сәбитке соқтықтым:



  • Мынауың қай желiгiң, ә?! Кешегiң кешегi, бүгiнгiңе не жорық? Қатының өлiп, балаң жетiм қалып, соның күйiгiн тартып жүрмiсiң?!


Сәбит жасқаншақ баладай бүгежектеп қалған едi, араға Байбол килiктi.



  • Сабыр, Майра, сабыр. Ашуды ақылға жеңдiре бiл. Жұмыс соңынан ресторанға соққанбыз... Айып бiзден. Тоқмәшке жегiзсең, мiне арқамыз...


Осы арада ғана ағат басқанымды сездiм. Сездiм де сыртқа ұмтылдым. Ыңғайсыздықтан жеке қалсам құтылатындай көрiндi маған.


VIII


Осы қақтығыстың әсерi ме, ертеңiнде Айнұр екi келiншектiң бас еркi бiр күнге өздерiне тиюiн өтiнгенде еркектер қуана құптады. Сандуғашты да алып қалысты.


Мiне, бiз Тобыл жағасында тұрмыз. Ерке өзен қылықты қыздай сылаңдай ағып жатыр. Тұп-тұнық. Үңiле қарасаң тереңдегi малта тастарды анық көресiң. Олар көгiлдiр түске боялған. Майда толқындардың әсерiнен бе жылт-жылт етедi.


 


Менiң жаным да Тобыл ағынына ұқсайды. Буырқанысы да, желiкпесi де, тымыраюы да жоқ осы құбылыс жүрекке жылы әсер қалдырады. Шын бақытты жандай кеудемдi асқақ ұстаймын. Анда-санда Теңiздiң қадала қалған жана- рын байқаймын. Ол неғұрлым ұзақ тоқталса, солғұрлым аспандай түсемiн. Жiгiт көзқарасында аяушылық пен мүсiркеушiлiктен гөрi ынтықтық басым. Мұны әйелдiк түйсiкпен жақсы ұғынамын, сонансоң-ақ мерейiм өсе түседi.


Аз ғана дамылдап, өзiмiзбен бiрге жеткiзген асты қаужаған соң суға түстiк. Балаша асыр саламыз. Жүзудi бiлмейтiнiмдi пайдаланып қалғандары таязда тұрған маған су шашысады. Тұншығып қаламын, бiрақ ренжiмеймiн. Басқалармен бiрiгiп сықылықтай күлемiн.


Ойын әсерiмен ана үшеуi сәл әрiрек кеткенде Теңiз жа- ныма жақындады.



  • Шынымен жүзу бiлмейсiң бе? Басымды шайқадым.

  • Қаласаң үйретейiн.

  • Жақсы шәкiрт бола алсам...

  • Шәкiрттiң жақсы не жамандығы ұстазына байланы- сты.

  • Онда келiстiм.


Мұндай сәттi өлгенiмше ұмытпаспын! Суы иектен аспайтын тұсқа жетiп, Теңiздiң қолы тәнiме тиген шақта менiң қозғалуға шамам келмей қалды. Көзiмдi жұмған күйi әлгi қолдардың денемдi шарлауын қаладым. Ау- ырта-ауырта қысса, мына тығыршықтай бұлшық еттер тұншықтырса деп тiледiм. Оның жүзеге аспайтынын бiле тұра әйелдiк әлсiздiктен аса алмадым десем айып етпес, ешкiм де. Қазiр мен сезiмнiң ғана құлы iспеттiмiн. Өзiме белгiлi тұңғиық тереңiне тарта жөнелсе – бар тiлегiм осы.



  • Теңiз, – дедiм күбiрлей.

  • Әу!


 



  • Кешiршi, ә!

  • Не?!

  • Кешiре алсаң кешiршi...


Жiгiттiң қолы қалтырап шашымды сипалады.



  • Өткендi жаңғыртып қайтемiз. Аузын тырналай берсең жараның ушығып кетуi мүмкiн...

  • Одан қорқасың ба? Теңiз кеудесiне қысты.

  • Қорқу бiр бөлек те, басқасы бiр төбе ғой, жаным. Ендi батылданайын дедiм. Жүзiмдi иығына жасырдым.

  • Айтшы, тек шындықты айтшы, бақыттымысың? – дедi жiгiт өрекпiп.

  • Бiлмеймiн-н...

  • Сандуғашты неге бiрге алып келмегенсiң?

  • Оны жақсы көресiң бе?

  • Сәбидi ессiздер ғана жек көредi.

  • Ризамын, жаным!

  • Ол сенен айнымайды. Сенi сүймеу мүмкiн емес...

  • Дәл осы күйiмде ме?

  • Мен үшiн әрқашан тұнықсың!


Көкiрегiм ашылып, сананы тұмшалаған бұлт шоғыры тарап сала бердi. Жiгiттiң иығынан жеңiл аймаладым.



  • Үйлi-баранды шығарсың, ә?

  • Жоқ.

  • Ал, мен...

  • Керек емес, керек емес... Майра?

  • Әу.

  • Егер ауырлық кездессе қолымды да, жанымды да ұсынуға әзiрмiн. Осыны ұмытпағайсың.


Басым айналғандай. Теңiзге тығыла түсемiн. Мiне, денелерiмiз бiр-бiрiне жабыса қалды. Бойыма шым- шымдап тараған ләззатты сезiнемiн. Үш жыл бойы шарқ ұрып iздеген, таппаған рахатым.



  • Майра?

  • Әу, жаным?


 



  • Елдiң сөзi – ел сөзi. Дегенмен, мың күнгi қараңғылық- тан бiр сәттiк жарық артық, оны өзiң де жақсы бiлесiң. Ен- деше, ойлансаң қайтедi? Мен де өксiмейiн, сен де өксiме.

  • Жаным!


Теңiздiң иегiнен, маңдайынан, кеудесiнен шөпiлдетiп сүйе бастадым. Жiгiттiң қайратты қолдары кеудемдi қыса тұншықтырып бара жатқанына да қарамаймын. Талай күн шөлде жүрiп жаңа жеткен жандай ынтығым басылар емес. Сырт жағымнан даурықпа сөз, сыңғыр-сыңғыр күлкi естiлгенде ғана ес жинадым. Жарыса жүзiскен Бибiғайша,


Айнұр, Алтай екен.



  • Пәлi, мыналар орнынан тапжылмапты ғой! – дедi Айнұр табаны жерге тигенде алқына сөйлеп.


Жағаға шықтық.



  • Тобылдың суы жеңiл екен, – дедi Алтай құмға сұлай кетiп.

  • Судың жеңiлi, ауыры бола ма?

  • Неге болмасын, болады. Мысалға кейбiр өзенге шомылғанда бойың ауыр тартып, құшағыңды еркiн жаза алмайсың. Мiне, мұндайды “суы ауыр” деп атайды. Ал, тап қазiр шаршадық па? Жоқ, арғы жағалауға ендi бiр-екi рет барып қайтуға дайынмын.

  • Оһо, бұл жаңалық. Сұрайыншы, өзiң қайсысына жатасың, ауырға ма, жеңiлге ме?

  • Көтерiп байқасаңшы.

  • Көтерер едiм.

  • Бөгелдiң ғой?

  • Тұрсаңшы?

  • Ал, тұрдық.


Алтайды айналып өткен Айнұр Бибiғайша жаққа бiр қарады да, қайтадан жiгiтке шүйлiктi.



  • Әйел халқы салмақты күшпен емес, iспен сынайды.

  • Сонда қалайша?

  • Түсiнбей тұрған шығарсың, ә? Қызылға түскенде қалай-қалай қарпығаныңды бiр көрсем!..


 


Сөздiң насырға шауып бара жатқанын түсiндi ме, араға Теңiз киiп кеттi.



  • Күресiп көр дегенi де. Айлаң асса бәйгем бар.

  • Қой жеңiлiп, ұятқа қалар жайым жоқ. Абыройды ай- рандай төкпей тұрғанда ат шапан айыбымды берiп тынай- ын.


Осыдан кейiн Айнұр жөнге көшер дегенбiз. Бiрақ бәрi басқаша шықты. Айылын жимаған қайынбикем қасқайған күйi көзiн жұмды.



  • Ендеше сүй!


Бибiғайша мына қылықты ойынға балай ма, мәз. Теңiз де аңғал көңiлмен келiншектiң талабын орындауды ұсынады.


Ақыры бәрi Айнұрдың қалағанындай шықты...


Үй жанындағы аялдамадан түскенiмiзде қайынбикем:



  • Шайнап-шайнап жұтып қойсаң да тоймайсың, – дедi жiгiттi есiне қайтадан алып, сосын қызара қалған жана- рын маған аударды,

  • Осы желiккенiң жетер, сабаңа түс!

  • Шектен шығатындай не iстеппiн?

  • Көрмейтiн көр соқыр емеспiн, мұндайлар менен қалған...

  • Оныңа ақы сұраймысың?

  • Өзiң үшiн айтамын.

  • Маған бiр рет қамқоршы болғансың сол жетедi. Екеумiз екi айрылыстық.


 



Көптен берi тыныш ұйықтағаным осы түн. Қатып қалдым десем де болғандай. Ұшпа көңiл армансыз бiр тыныққандай. Дәл қазiр оянғаныммен төсектен тұрғым келмейдi. Денемдi самарқаулық жайлап алыпты. Ай- налып соғар қуаныш сәтiн күте ме, жайшылықта ойнай жөнелетiн жүрек те бiр қалыпты бүлкiлдейдi. Бақыт


 


атты ақ құстың басыма қонғаны осы шығар. Бұдан артық жәннәттiң керегi де жоқ.


Ойыммен өткен күндi саралаймын. Жiгiт денесiне тиген ерiнiм кебiрсiп, сондай сәтпен қайта қауышуға ұмтылады. Санамда Теңiздiң сөзi: “Елдiң сөзi – ел сөзi... Дегенмен, мың күнгi қараңғылықтан бiр сәттiк жарық артық. Енде- ше, ойлансаң қайтедi? Мен де өксiмейiн. Сен де өксiме...” Жiгiтке дау айта алмаймын. Үш жыл бойы басымды тауға да, тасқа да соққаным жетедi. Тiнтiнiп сәуле iздедiм, оны Сәбиттiң бойынан таппадым. Олай болса артыма несiне қарайлаймын. Маған алға, тек қана алға ұмтылу керек. Теңiз сүрiндiрмеуге, керiсiнше қолтығымнан сүйеп, өз биiгiме шығаруға тиiс. Шығарады да.


Сенiмiм күшейген сайын сезiмiме желiк бiткендей. Ұяттан аттап өтiп, тұңғиыққа қарай ұмтылып бара жатқанымда әрең деп өзiмдi-өзiм тоқтатамын. Жұмарлай кеудеме қысқан құс жастық ып-ыстық. Құдды, Теңiздiң от шарпыған төсi iспеттi. Соны иiскеймiн, содан рахат- танамын...


Үлде мен бүлдеге оранған қонақ үйiнiң табалдырығын аттағанда тыныштығым қайта бұзылды. Отқа ұмтылған көбелектей шыр-пыр болдым да қалдым. Өз-өзiмнен қобалжимын.            Үйдегi тоқтықтың                  орнын            әлденендей күдiк басқан. Қаймығатын да сияқтымын. Ойым өрекпiп, тайғанақ                  жолға   түскендей   бұраң-бұраң   етедi.   Тал- май бастап келе жатқан аяғым ғана. Не тоқтамайды, не жаңылмайды, денемдi ықтиярына көндiрiп алға жетелейдi.


Екi жүз он төртiншi есiктi көзiм шалғанда жүрегiм де аунап-аунап кеттi. Әйткенмен саусақтарым жақтауды шертiп үлгердi.



  • Бұл кiм?

  • Мен ғой, Майрамын...


Есiк ашылған сәтте әлiм құрып жiгiт кеудесiне сүйендiм. Сан көз қадалып тұрса да осылай iстерiм анық. Өйткенi аспандай жөнелген көңiл арыны еркiмдi билеп,


 


ойлану, түйсiну деген кереметтердi шетке ығыстырып тастаған.



  • Шынымен сенбiсiң! – дедi Теңiз таңырқай.

  • Күтпедiң бе?

  • Солай.

  • Әлде басқа бiреу келмек пе едi?

  • Жо-жоқ, ол не сөзiң...


Үп еткен күдiк атаулы өре қашқандай. Ендi жiгiтке еркелегiм келедi.



  • Телефон соғайын деп отырғам, – дедi Теңiз күлiмсiреп.

  • Кiмге? Маған ба?

  • Әрине, саған.

  • Таппайтын едiң.

  • Рас.

  • Сонда не айтпақ болдың?

  • Кездесуге шақырмақ едiм.

  • Онда сен телефон шалдың, мен ұсынысыңды қабыл алдым да осында келдiм. Солай ғой?


Теңiз аймалады.



  • Жұмыс орның iздемей ме?.

  • Мейлi...


Арада үш жыл өтпеген сияқты. Жәй, бiр-екi күнге көрiспей, содан жаңа кездескен ғашықтардаймыз. Менiң басымда бар мiн – өзгенiң келiншегi екендiгiм де ұмытылған. Тiптi, тойым дегендi ұмытқандаймын.



  • Сенi сүйемiн, Майра! – дейдi жiгiт үздiгiп.

  • Мен де!

  • Сенсiз маған күн қараң!

  • Маған да!

  • Жаным!


Күрмеуге келмейтiн қысқа жiптей қысқа ғұмыр несiмен тәттi десем осындай отымен, осындай ләззатымен ғажап екен ғой. Не опындырар ойы, не алқындырар қыры, не тайғанақтатар мұзы жоқ, тек жаның жалын атып тұрасың. Рахат сезiм өн бойыңды ұйытып, сана-сезiмiңдi шырмап,


 


ертегi әлемiне сүйрейдi. Еркiңе қоймаған соң ересiң. Оныңа өкiнбейсiң де. Өйткенi сен махаббат бесiгiнде тербетiлесiң. Жаның да, тәнiң де мамыққа оранғандай күй кешедi.



  • Майра?..


– Әу...



  • Сенбейтiн сияқтымын... Осымыз шын ба, өтiрiк пе?

  • Шын жаным, шын!

  • Ендi бiр-бiрiмiздi жоғалтпайықшы,ә?

  • Өлсек те бiргемiз!

  • Махаббатым менiң!


Дүние төңкерiлiп барады. Бiз жерде тұрғандай емес, аспанда қалықтап жүргендеймiз. Жiгiттiң ыстық демi шарпыған сайын түйсiк атаулыны жоғалта түсемiн. Мен де бiр, ұйқы құшағындағы жан да бiр. Артық-ауыс қозғалуға шамам жетпейдi. Теңiздiң ернiне ернiмдi тоса беремiн.


Осы арада ойымның ойран ботқасы шықты. Шамырқанған сезiмiм бұдан да өткен тұңғиық iздеп шарқ ұрды. Жариялауға болмайтын, үнсiз ғана сүңгiп кететiн тұңғиық. Соған шым батсам, содан шықпасам.


Құшақ ажыратпаған күйi мен шегiнiп, ол алға ба- сып келемiз. Мiне, аяғыма керуеттiң қыры тидi. Темiр сап-салқын. Бiрақ, оны елеп жатқан мен жоқ. Екеумiз ұмар-жұмар құладық. Кеудемдi зiл басып қалды. Сон- да да талмай тыпыршимын. Iздейтiнiм – тән дәруi. Бәрi тезiрек болса деп тiлеймiн. Жiгiттiң қолдарының саны- ма жұғысуын, одан көтерiлiп бөксенi қармануын тын- бай қалаймын. Шiркiн-ай, буын-буынымды бырт-бырт үзсе, кеудемдi жаныштап, еркiмдi тұншықтырып тастаса! Соқыр түйсiктiң күтетiнi осы ғана.


Бiрақ жiгiттен ожар қылықтың ұшқыны бiлiнбейдi. Ол өз сезiмiне мас.


Жыным келдi. “Сен де маубас па едiң?” – деймiн iштей кiжiнiп. Сосын кеудемдi сәл босатып, көйлегiмнiң өңiр түймелерiн ағыта бастаған едiм, Теңiз қолымнан ұстай алды.


 



  • Керегi жоқ, Майра, керегi жоқ... Маған сенiң тұнықтығың қажет...


Әлдекiм шапалақпен жағымнан тартып жiбергендей селк еттiм. Сонда ғана есiм кiргендей. Ендi бар күшiмдi сала жiгiттi кеудесiнен итерiп қалдым. Мұндай қарсылықты күтпедi ме, Теңiз шалқалай құлады.


Салмақтан құтылған сәтте алды-артыма қарамай сыртқа ұмтылдым...


 


Х


“Ұят-ай, масқара-ай!..”


Далаға шыққанда мыйымды солқылдатқан осы ой. Көшеде өтiп бара жатқандар iшiмдегiнi оқып қоярдай жанарымды жерден көтермеймiн. Өз-өзiмнен қысыламын. Мына маңнан тезiрек ұзау үшiн аяғымды жылдамдата басқан боламын. Адымым өнбейдi. Сенделген күйi бiресе оңға, бiресе солға бұрылып, әйтеуiр екi көшенi артқа тастадым. Сонда ғана ар- тыма көз тастап, қонақ үйiнiң биiк-биiк ғимараттардың та- сасында қалғанын көрдiм. Бұл ара тыныштау екен. Қаланың шеткергi тұсы болғандықтан ба құлақтың құрыш етiн жеген машина ызыңы да, сеңдей соғылысқан адамдар легi де аз. Мұның өзi ұрлықтан қашқан жанымды сәл сабырға келтiрдi. Ендi әлгi аласапыран шаққа ойлы үңiлуге тырысамын. Де- генмен, ұшығын ұстай алар емеспiн. Қай жерде қате бастым? Бiлмеймiн. Сезiмнiң отты лауына түсiп кеткенiм анық.


Сезiм, сен қандай құдiреттi күш едiң! Қанат бiтiрiп биiкке самғатасың, құлдилатып құзға құлатасың. Жанын жараласаң да адам ырқыңнан шықпайды. Бұл, бәлкiм әлсiздiгi, бәлкiм өлермендiгi, әйтеуiр өкiнсе де етегiңнен ұстап айырылмайды.


Әйел емеспiн бе, қыз-келiншектер пыш-пыштарын көп естимiн. Араларында сезiмге бағынған сәттерiн дабыр- лата айтып жүретiндер баршылық. Сонан ойлайтынмын: “Бұл қалай, қосағыңның көзiне шөп салу мақтаныш па?


 


Өзге таптаған арды ертеңiне қалай жиып алады?” – деп. Сөйтсем адам айуандық әрекетке саналы түрде барады екен-ау. Ұятты, адамгершiлiктi, барлық асыл қасиеттi басқа тепкен күйi қараңғылыққа сүңгидi. Не деген опасыздық, не деген ашкөздiк! Тiптi ойлауға қорқасың. Бiрақ мұнымен өлермендiк тоқтай ма? Жоқ. Әлгiнде өзiм де соның бiр ұшығын жерiне жеткiзе алмай шықтым ғой... Құлағыма күңгiр келдi: “Керегi жоқ, Майра, керегi жоқ... Маған сенiң тұнықтығың керек...” Бетiм ду еттi. Тән тұнықтығын сыйлай алмаған адамға жан тұнықтығын да қимағандығым ба? Нағыз қарабеттiң өзi-ақ шығармын! Ендi Теңiз не ойлайды? Жеңiл мiнездi бiреу демесiне кiм кепiл? Әй-әй сабырсыздық-ай! Әлде қайта соқса ма? “Есалаң болдым, кешiр!” немесе “Мен нағыз ұятсыз екенмiн”, – деп аяғына жығылса... Бiрақ, одан не пайда, өтер iс өттi. Оның үстiне жiгiтке қай бетiммен көрiнемiн?


Арам жүздi сүйретпеге салғаннан гөрi бүркеп тастағаным жақсы сияқты. Иә, содан артығы жоқ...


Абайласам, Тобылдың жағалауына шығыппын. Өзенге түсуге аңсарым ауды. Бойыма жұққан шаң сонда ғана ке- тердей жалма-жан шешiндiм. Су салқындау екен.


Белуарға дейiн жалдап барып, денемнiң тiтiркенгенiне қарамастан күмп бергенiмде жанымды шарпыған от басылғандай болды.


Сабама түсiп, жұмысқа құлқым соқпай үйге оралғанымда ойламаған жерден Сәбиттiң қарсы шыққаны.



  • Қайда қаңғып жүрсiң? – деп дүрсе қоя бердi ол.


Бiр сұмдықты сезгендей жүрегiм жұлқып-жұлқып қалды. Ауа жетпегендей кеудем қыса түстi. Көзiм де қарауытқандай, дегенмен есiмдi тез жидым да, тәуекелге бел будым.



  • Жұмыстан басқа қайда боламын...

  • Жөн-ақ. Тағы қандай өтiрiгiң бар? Ақтар, бәрiн ақтарып қал!?


– ...



  • Не, тiлiңдi анауың байлап тастаған ба?


 


Ендi айқындалды, пәленiң қай жақтан өрбiгенi де белгiлi болды.



  • Айнұр қайда? – дедiм батылданып. Сәбит бұрқ еттi:

  • Ол кеттi. Сенiң әуейiлiгiңдi көргiсi келмей кеттi!

  • Мен әуейi емеспiн, алда да болмаймын!

  • Мынаның сөзiн қара! Түк көрмеген, түк сезбеген адам. Сонда миғұла мен екенмiн ғой, ә?


Тағы жауап қатпаған едiм, Сәбит өршелене түстi:



  • Ей, тiлiң байланып қалды ма? Күнi бойы қайда жүрсiң? Жұмыста жоқсың. Әлде анау әуселеңмен қызыққа кенелдiң бе?!


Батқаны – Теңiзге тiл тигiзгенi. Егер оның қара ниетi болғанда мен бүйтiп момақан күйде отырмас едiм, түте- түтем шығып, түбiттей шашылып қасында жатар едiм, көлiм лайланып, көңiлiм басқа әлемнiң есiгiн қағып...


Күйiп кеттiм:



  • Оған тiл тигiзбе, қайта рахмет айт! – дедiм ашу буып.

  • Әйелiмнiң әжетiн ашты деп пе?

  • Жоқ, келiншегiмнiң көзiн ақиқатқа жеткiздi деп.

  • Иттiң ғана баласы-ай!..


Сәбит шыжбалақтай бөлме кездi. Төрден есiкке, есiктен төрге өтедi. Қайраты да, ызбары да осыған ғана жеткендей.



  • Еркексiң ғой, сабасаңшы... – дедiм күйеуiмнiң жiгерсiздiгiне налып.

  • Мынау не тантып отыр-ей.

  • Не естiсең соны айттым...

  • Киiн!

  • Қайда барамыз?

  • Ауылға.

  • Қай ауылға?

  • Бiздiң үлкен үйге. Екi күнге бастығың босатты. Билет те дайын. Сандуғашқа соғамыз...


Бұйдалаған тайлақтай Сәбиттiң жетегiнде кете бардым.


 


ХI


Елде өткен екi күн екi ғасырдай көрiндi. Ағарып таң атқанын байқайсың, сосын күйкi тiрлiк басталады. Қолың әрненi iстегенмен көңiлiң кештiң батуын күтедi. Мұндайда уақыт шiркiн өткен бе. Батпандап шыққан күн мысқалдап ұясына қонады. Үздiгiп төсекке құлағаныңмен тағы ұйықтай алмайсың, жаның әлдеқайда асығып, әлдененi iздеп тағат таппайды. Содан кейiн көрпе астында езiле ой желiсiн шұбатып жатқаның...


Ақыры қалаға да оралдық-ау. Ертеңгiлiк тiрлiгiмдi өзгертiп, өзiмше ерiм мен балама шай жасап отырғанымда Сәбит:



  • Осы күнге дейiн еркелегенiң жетер, ендi байқа!– дедi зiлдi үнмен.


Оған таңырқай қарадым.



  • Несiне бағжиясың?.. Ендiгiңдi көтере алмаймын, сондықтан аяғыңды аңдап бас!

  • Қорқытқың келе ме?

  • Қалай түсiнсең де еркiң!

  • Қорқа алмасақ ше?

  • Онда өз обалың өзiңе...

  • Айырылысамын де!..

  • Мүмкiн.

  • Несiне мәймөңкелейсiң, айтқан соң ашығын айтқанға не жетсiн!

  • Мен айырылысамын деген жоқпын.

  • Өзiң жiгiт емес, мiгiт екенсiң ғой.


Өз-өзiме таңмын. Бұрын күйеуiмнiң ыңғайына жығылып тұратынмын. Оның ұсынысы көңiлiме жақпаса да мақұлдап отыратынмын. Ендi жөн сөзге де қарсыласқым, салғыласып ұрысқым келедi. Тiптi, бет жыртысуға дайын- мын. Мейлi, әлiм жетпесiн, әйтеуiр жағалас үстiнде жан тапсырсам арман жоқ. Бiрақ, Сәбит ондайға аттап баспай- ды. Күпiнгенiмен күрмеулi күйiнде қалады. Қазiр де сөйттi.


 



  • Әйтеуiр байқағайсың! – дедi де Сандуғашты жетелеп үйден шығып кеттi.


Кеңсеге келген соң оны-мұны қағаздарды ыңғайластырдым да Бибiғайшаны күттiм.Дамыл-да- мыл сағатыма қарап қоямын. Тоғыздан әлдеқашан асқан. Құрбым бұлай кешiкпеушi едi.


Сөйткенше сырттан бiрге iстейтiн, дегенмен басқа бөлмеде отыратын егде келiншек ендi де, Бибiғайшаның орнына жайғасты. Қимылы бапты, соған қарағанда мына столға бiр күн болса да үйренiп қалған сияқты.



  • Бiз ендi бiрге отырамыз, – дедi ол әлден уақытта көзәйнегiн киiп.

  • Бибiғайша қайда?

  • Естiмеп пе едiң?.. Ә, сенi сұранып кеттi деп едi-ау. Коллегаң есеп айырысқан. Тұрмысқа шығыпты. Жасы келген бала ғой, бағы ашылсын!


Мына хабар жай отындай әсер еттi. Буын-буынымнан әл кетiп, сұлқ отырдым да қалдым. Менiң күйiммен iсi жоқ бөлмелесiм сөзiн әрi жалғастырды:



  • Ұмытып барамын, мына хатты саған тапсыруымды өтiнген.


Көгiлдiр конверттi қолым қалтырай әзер аштым. “Майра, өзiңе жолыға алмай кетiп бара жатқанымды


айып етпе, жағдай солай болды, – деп басталыпты хат. – Жоспарымыз аяқ астынан бұзылды. Жұмыс бабында жүрген Теңiз бен Алтайға шұғыл шақырту жеттi де, алды- артымызға қарамай жол жүруге мәжбүр еттi...


Бәрiмiз сенiң жоқтығыңа өкiндiк. Әсiресе, Теңiз аға. Ол соңғы күндерде мүлдем өзгердi. Ешкiммен сөйлеспейдi. Томаға-тұйық күйде. Маған бiрнеше рет үйлерiңе теле- фон шалдырған. Жауап берген ешкiм жоқ.


Көп не айта берейiн, бiздiң жағдай осылай. Ертеңгi он бiрде ұшамыз...”


Арғы жағын оқымастан далаға ұмтылдым. Қас қылғандай бiр такси тоқтамады, сонсоң автобусқа отыр-


 


дым. Жүрегiм дүрс-дүрс соғады. “Ауылға бекер бардым” – деймiн өкiнiп. Бұл сөздi iшiмнен жүз, мың қайталаған шығармын. Осы күйiмде бар асылымды тонаған Сәбитке тiсiмдi қайраймын. Бiрақ одан не пайда, уақыт зымырап өтiп барады.


Сағатыма жалтақ-жалтақ қараймын. “Айналайын, сәл сабыр етшi, асықпашы...” деймiн жалынып. Содан кейiн әр аялдамаға тоқтаған автобус жүргiзушiсiмен ұрсысамын. Жол үстiнде әлгi жазықсыз пенденi теңемеген айуаным қалмаған шығар.


Ақыры жеттiк-ау. Жынды адамша жолымдағыларды қаға-маға сыртқа атылдым.Бiр-бiрiмен арбасқан күдiк- үмiт жанымды ширықтырып алды-артты ойлауға мұрша бермейдi.


Аэропорт үйiнiң iшiне кiргенде құлағыма хабарлаушының: “Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Қостанай – Жезқазған кестесi бойынша ұшатын само- летке отыру басталды. Қайталаймын...” – деген дауысы естiлдi. Маған ендi мына қаңыраған үйде қалуға болмай- тын едi. Соны ойлап қайтадан аулаға шықтым да, аэропорт маңындағы темiр шарбақты жағалай жөнелдiм. Көрiп келемiн, шеткерi тұрған самолеттiң жанына адамдар шоғыры үйiрiлiптi. Соларға үңiлемiн. Iздейтiнiм – Теңiз. Әне адамдар баспалдақпен көтерiле бастады. Ойпыр-ай, мына ақшаңқан көйлектi қыздың Бибiғайшадан айнымау- ын қарашы! Тап соның өзi!



  • Бибiғайша-а!


Артына қарайтын емес. Аяғын жылдамдата басып жоғары өрлеп барады. Одан кейiнгiсi... Теңiз! Асықпайды, аэропорт үйi жаққа жалтақ-жалтақ қарайды.



  • Теңiз! Теңiз!!


Iшi-бауырымды бiреу езiп жатқандай.



  • Теңiз! Теңiз-з!


Әне, ол iшке өтер тұста тағы бөгелдi.



  • Теңiз-з!!!


 


Шыңғырған дауысым бәрiбiр жетер емес. Жiгiттiң жа- нары әлi үй жақта.


“Мына жаққа, берi қарасайшы! – деймiн ширығып. – Келдiм ғой, жаным! Ең құрымаса бiр рет көз салшы, танисың. Мен мұндамын!”


Темiр шарбақты долдана жұлқыладым. Одан не пайда, жiгiт iшке өтiп кеттi.


Тiзерлей отыра қалғанымды сезбедiм. Есi ауысқан жанша күбiр-күбiр етемiн: “Көрмедiң, ә? Көрмей қалдың. Өлгенiм тiрiлiп, өшкенiм жанғандай едi, бәрiн қайта сөндiрдiм. Сен тұтаттың, мен өшiрдiм... Не деп ойладың екен, ә? Жоқ, сен менi жамандыққа қимайсың! Ендеше әйнектен тағы бiр үңiлшi? Мүмкiн танырсың... Менiң өстiп отырғанымды көрсең сол да жетедi! Таптың ба жа- ным? Жаным-м-м!..”


Бiреулер қолтығымнан демейтiн сияқты.


Самолет қалшылдап бiраз тұрды да сырғанай жөнелдi. Дауысы жер жарады. “Өткен күнде белгi бар!”– деп айқайлап бара жатқандай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу