Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  87


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әкудай

Ағаға іні келер амандаса,
Дос емес, дос артынан жамандаса.
Аяғың бір нәрседен шалыс болса,
Немен бір қайласын, шіркін, а-ай, табалмаса.

Қайырмасы:
Ә-әкудай, дәкудай, ай, дай-ай-да,
А, шіркін, а-ай, табылмаса а-ау.

Ат жақсы арғымақтан шабыс болса,
Жат жақсы ағайыннан таныс болса.
Артыңнан жоқ сөзді айтып күңкілдейді,
Аяғың бір нәрседен, шіркін, а-ай, шалыс болса.

Қайырмасы:
Ә-әкудай, дәкудай, ай, дай-ай-да,
А, шіркін, а-ай, табылмаса а-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу