Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  170


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ал, шіркін!

Ахау! Шіркін-ай!
Кәрі болдық қартайып хал кеткен соң,
Жастық ұшып басыңнан сән кеткен соң.
Міне, бүгін қадірің бір тиындық,
Қайрат ұшып басыңнан жан кеткен соң.

Қайырмасы:
Ал, шіркін! Жалған-ай!
Қайран, сәулем, о, жаным-ау.
Қайран, жастық-ай,
Ал, шіркін-ай.

Келіп қапты, ойласам жас шамаға,
Енді тоқта, қой, көңілім, аспалама.
Өзім басып, өзімді тоқтатпасам,
Бір күн нәпсі қалдырар масқараға.

Қайырмасы:
Ал, шіркін! Жалған-ай!
Қайран, сәулем, о, жаным-ау.
Қайран, жастық-ай,
Ал, шіркін-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу