Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  256


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақтамақ

Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.

Қайырмасы:
Айдын көлдің еркесі,
Еркін өскен Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған.
Бұлбұлымсың Ақтамақ.

Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің,
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.
Сымға тартқан күмістей нәзік белің,
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу