Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  383


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Қазағым, намысынды қайра деймін

Қазағым, намысыңды қайра деймін,
Дініңді мұсылмандық ойла деймін.
Ана тілім-ұлт тілі,қазақ тілі,
Қомсынбай өз тіліңде сайра деймін.

Оздырдық өктемдіктің көрдік бәрін,
Біз небір озбырлықтың тарттық зарын.
Көрсең де не қиындық бұл өмірде,
Бақыт қой былғанбаса намыс-арың.

Нар ұлдар елдің мұңын сезе білді,
Сүйеу болды талдырмай өзегіңді.
Дін менен тілді сақта,жерді сақта,
Сүйдіре де сүйе біл өз еліңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу