Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  149


Автор: Индира Кереева

ТАҚЫРЫПСЫЗ ӨЛЕҢ

Бәрі жалған.


Бәрі бір күн өледі;


Ұмыт болсаң, көктеміңнің өзі Күз.


Ешкім бізді екі айырған жоқ еді,


Өзімізден суып кеткен өзіміз.


 


Бәрі өтеді.


Өткен күнің көмескі;


Боламыз­ау бәрінен бір мезі біз.


Ешкім бізге қастық қылған емес­ті:


Өзімізге обал қылған өзіміз.


 


Бәрі өткінші;


Көктем күліп тұр, мейлі:


Өтеді әлі осы мұңды кезіміз.


Ешкім бізді қайта біріктірмейді,


Өзімізді қоса алмасақ....


Өзіміз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу