Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  350


Автор: Анар Шамшадинова

Бар төзімім таусылып

Бар төзімім таусылып,
Жан сезімді ұшырдым.
Елесіңді қаусырып,
Келмесіңді түсіндім.
Сағынышқа батармын,
Құмарлығым азайып.
Өткенді ойлап жатармын,
Ол бір түстей ғажайып.
Ұйқым қалып төсекте,
Таңды көзбен атырам.
Уақыт – емші десек те,
Тұрмын сол бір сатыда.
Сені әкеткен ұшаққа,
Қол бұлғадым күшіммен.
Елесіңді құшақтап,
Келмесіңді түсіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу