Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  170


Автор: Бағлан Ерғали

Ақ құсым

Нала-мұңым
Талады мың,
Қырсықтығың - ол сенің балалығың.
Оралшы қайта, бақ құсым
Сенсіз басты күзгі бақ, даланы мұң

Жадырап біз
Жалын аппыз,
Сары-ала гүлді бақтардан.
Оралшы маған ,ақ құсым
Сенсіз дүние қайыңдай жапырақсыз.

Алып -ұштым,
Жалын құштым,
Махаббаттың өзіңмен балын іштім.
Оралшы қайта, ерке қыз
Күзгі бақтан естілді жалынышты үн.

Бағыма біткен.
Асыға күткен.
Қаншама кеш сарғайып, таңды күткем
Оралшы маған, пәк гүлім,
Белдесуге шама жоқ сан күдікпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу