Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  118


Айсұлу Рүстемова‎

Өмір өте шығады көргеніңдей

Өмір өте шығады көргеніңдей,
Жақсылық та оралар бергеніңдей.
Ғасырларға ілесіп сен келесің
Бұқарбайдың ізіне ергеніңдей.
Батыр шықты өзіңнен, бай да шықты.
Ғарыш жаққа ұшатын айла шықты.
Атам, анам қыз-жігіт болды сенде,
Адалдыққа серт сонда байласыпты.
Сонау сертті келіндер жалғастырып,
Төрде ұлы отырса малдас құрып.
Ауылымның түтіні түзу ұшса,
Балалары мінезді алмас, тұнық.
Өмір өте шығады көргеніңдей,
Жақсылық та оралар бергеніңдей.
Ғасырларға ілесіп сен келесің
Бұқарбайдың ізіне ергеніңдей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу