Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  131


Айсұлу Рүстемова‎

Өлеңім...

Мен сені сүйем деп те айта аламын.
Сен дедім, шарлап ойдың шартарабын.
Бесікте жатқанымда-ақ анам айтқан
Жырларын іштей, үнсіз қайталадым.
Мен, сірә, сонда бәрін ұғып қалдым,
/Дәл соны түсінер кім, сұрыптар кім?
Және де анашымның көз жасынан
Жаралып, жанарында тұрып қалдым.
Бұл тағдыр ақындарға тор құрмасын.
Жаныммен сездім қиын жол бұрмасын.
Өмірді ұғынсам деп , адасумен,
Жаттадым қанша тастың формуласын...
Ой қажаған санама серпіл дегем!
Жексұрындай қашады жел күн менен.
Қирап қалған күндері жан күймесі
Құдіретсің - өлеңім, өлтірмеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу