Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  198


Автор: Айтуар Өтегенов

Гүлдердің нәзік болып өсетіні









Гүлдердің нәзік болып өсетіні,
Мәпелеп аймалағандықтан.
Қылыштың қара тасты қақ жарып кесетіні,
Қайрағандықтан.
Болаттың иіліп, майысатыны,
Жасығандықтан.
Теңіз толқындарының сайысатыны,
Тасығандықтан.
Темірдің тым алыстан жарқырайтыны,
Алтын жалатқандықтан.
Тұлпарлардың кемеде арқырайтыны,
Жаратқандықтан.











Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу