Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  186


Автор: Айтуар Өтегенов

Сыр ашқан түннен бері

Куәсімін,
Нұрға бөккен шақтардың,
Біздің жақта неткен әсем мақпал түн.
Есіңде ме,
Ақ сырымды ақ еркем,
Вахтаға бір бара жатып ақтардым.
Фонтан болып көкіректе жыр теңіз,
Сүрткен жоқпыз жұққан майды,
Неге оны сүртеміз?!
Қол ұстасып качалкалар «орманын»,
Араладық бірге біз.
Содан бері төгілген жоқ бал шырын,
Содан бері сөгілген жоқ іргеміз.
Сол себепті бақыт мекен бұл ара,
Қалай жүрек құшпай сені тынар ә,?!
Сол себепті ұнатарым зерлі аспан,
Сол себепті маған ыстық Мұнара!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу