Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  159


Автор: Айтуар Өтегенов

Май сіңген күртеше

Қойшыға қандай ыстық,
Даланың жусаны, қымыздығы.
Маған да сондай ыстық,
Качалканың сазды үні, сыбызғы үні.
Қойшыда – өмір оты лауласа қостарында,
Арманым – менің шоғым мұнара бастарында.
Жатып ол жұлдыздарды санаса шалқасынан,
Қолымда шырақтардың самсаған алқасы бар.
Білемін және олардың қозы үнін ұнатарын,
Ал менің құбырларым – еліме күре тамыр.
Ырыс-құт құрығында,
Малшының жүр десе егер.
Жанымның сыры мына,
Май сіңген күртешеде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу