Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  201


Автор: Айтуар Өтегенов

Уақыт босқа ақпайды

Ырғалады, качалка ырғалады,
Ырғалады, бір нәзік сыр қалады.
Жер астында жасырын тұнған мұнай,
Жүрегімнің жасырын тұнған әні.
Асқақтайды мұнара асқақтайды,
Асқақтайды батырдай қас қақпайды.
Ескерткішке осындай бір белгісін,
Қалдырады уақыт босқа ақпайды.
Нәр аламын туған жер ақ таңыңнан,
Ақ таңыңнан бұлбұлды бақтарыңнан.
Қазаныңа сыймаған мұнай құсап,
Қашан болсын мен де бір ақтарылам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу