Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  146


Автор: Айтуар Өтегенов

Шөл кемесі

Түйе, Түйе,
Иір мойын түйелер,
Сен ғылымсың бір арнаға жүйелер,
Ботаң өліп боз далада қайғы буған шағыңда,
Алпыс екі тамырыңды идіріпті күй өнер.
Жанар оты сағыныш боп маздаумен,
Орта жолда құздан құлай жаздаумен,
Орта жолда құздан құлай жаздаумен,
Мейлі Қырым, мейлі Қытай асырса,
Туған жерге оралыпсың боздаумен.
Саған артып өмір жайлы толғаған,
Үміт әнін, аттаныпты алға адам.
Әуе жолы, темір жолдар жоқ кезде,
Түйе жолдар ел мен елді жалғаған.
Жүк қалмаған көшкен, қонған беткейде,
(Керуендер сап түзеген өтпей ме?)
Мадақтаған саған сенген адамдар,
Түйе демей «шөл кемесі» деп кейде.
Санаспадың жақын жерің, қашығың.
Деген жоқсың: «қажыдым да жасыдым».
Расында:
Атыраудың тұңғыш мұнарасын да,
Арбаға сап тасыдың,
Енді менің дәлелім мол сүйенер,
Сен ғылымсың бір арнаға жүйелер.
Бүгін міне составтарға маңғаздана қарайсың.
(Дәуір жүгін бердің соған, жарайсың),
Түйе
Түйе
Иір мойын түйелер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу