Өлеңдер ✍️

  06.07.2021
  145


Автор: Базар Оңдасұлы

Не артық

Қу қанжыға жүйріктен
Қаба жалды берік артық.
Жылауы жоқ тымақтан
Баса киген бөрік артық.
Жаман болса алғаның,
Мақтасы қалың көрпе артық.
Сөйлер сөзі болмаса,
Бір көруге көркі артық.
Қараға жауап бергеннен,
Аққа берген серт артық.
Жаманнан азар көргеннен,
Құдайдың берген дерті артық
Түзелер еді бұл заман,
Пейілі бұзық пендені -
Кетсе астына жер тартып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу