Өлеңдер ✍️

  06.07.2021
  290


Автор: Базар Оңдасұлы

Халық үшін туған қайратты ер

Жігіт жауға шаппай ма
Толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық,
Сыпырма қылыш қынаппен.
Халқы үшін туған қайратты ер
Айырмайды жақынын,
Бірдей көріп жырақпен.
Аңдасаң, ақыл тең болмас,
Алысқан жерден жығатын
Денеге біткен қуатпен.
Жартақан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің -
Өтеді күні мұратпен.
Ләззатын сөздің парқ еткен,
Түсініп тыңдар құлақпен.
Топтан озған тұлпардай,
Егесі жерде бойымды -
Емеспін, сірә, сынатқан.
Келіспесе, «қой» деңдер,
Келімін таппай сөз айтып,
Ретке келмес лаққан.
Барымды базар етейін,
Өлшеулі өмір біткен күн,
Нешеулердің жалғызын
Жалынан тартып құлатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу