Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  135


Автор: Иса Байзақов

Бүгін дала

(«Заулатшы-ай» әнімен)

Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
Кешегі құмайт дала шаңырқаған,
Бүгін, міне, тамаша таң қалғандай.

Қайырмасы:
Заулатшы-ай, құрбым,
Заулатшы-ай!

Еңбек ұйым біріккен ұранды жыр
Нұрлы жырдан естілед бір терең сыр.
Ісі жаңа жас құрбым, бері қара,
Еңбек өніп, төбеңнен төгілсін нұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу