Өлеңдер ✍️

  03.07.2021
  188


Автор: Мұзафар Әлімбаев

Мойындау

"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...
Күйбеңдемес күні үшін
күрескердің бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ауа баспас пұл
үшін
Адалдардың бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ғарыштың да қуысын,
тарихтың да тынысын
оймен шарлап, сыр түйген
ғалымдар да туысым...
"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу