Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  136


Автор: Жұмағали Саин

Ұрыстан кейін

Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап,
Тұрды солдат бір жап-жас
Қыр басында ойқастап...
Өлік жатты қасында.
Көк шинельге оранған,
Ызғарлы еді басында,
Түсі суық бораннан.
Езу тартты жас солдат,
Автоматын асынып.
Болса - дағы өлік жат,
Кетті бетін жасырып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу