Өлеңдер ✍️

  14.06.2021
  801


Автор: Қазақ өтірік өлеңдері

Балаларға өтірік өлең: 3

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.
Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десең де өтірікті.
Айтайын өтіріктің ебін тауып,
Қан қылды аяғымды тышқан қауып.
Қатындар не қыласың сиыр сауып,
Май алдым алты қарын шыбын сауып.
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Семізін құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
Бар еді бір өлеңім жаңа таптым,
Қайтарып көбелекті көлге жаптым.
Шыбынды шіркейменен құда қылып,
Үстіне тасбақаның шапан жаптым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу