Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  144


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қазақы қулық

Ойлауға әркім ерікті.
Берілген бабам ойға мың.
Құдайдан сосын көріпті
Баласы тұрмай қойғанын.
Қалған бір жандай қапыда,
Қазекең іштен тыныпты.
Құдайың
Сәби атына
Қызығады деп ұғыпты.
Келесі туған баланың
Тойына бие сойыпты.
Шулатып байтақ даланы,
Шуаш деп атын қойыпты.
Одан соң туған баланың
Тойына түйе сойыпты.
Шулатып байтақ даланы,
Шоқпыт деп атын қойыпты.
Қазақтың қырда желдеген
Қылығы со бір ұнайды:
Алданып жүріп пендеден
Алдамақ болған Құдайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу