Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  185


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің

Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің.
Жолы болғыш алайда сендейлердің...
Бой жеткісі келеді бала қыздың,
Жасарғысы келеді жеңгейлердің.
Кейбіреудің құдайдан ұзын қолы,
Кіргізесің амалсыз тізімге оны.
Боп-боз болып біреуге көрінген ай
Көрінеді біреуге қызыл болып.
Барар жері белгісіз бағытсыздың.
Ырқыңызға көне ме уақыт Сіздің?!
Бақыттының ажалдан құты қашса,
Шын өлгісі келеді бақытсыздың.
Көңілді ән бар тірлікте,
Қаралы ән бар.
Әр адамда өзінше дара мән бар.
Не біледі,
Не ұғады,
Бұл өмірге
Бір-ақ жанның көзімен қарағандар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу