Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  122


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ескерткіштің емес ол тас құндағы

Ескерткіштің емес ол тас құндағы,
Орындығың тулап ед астыңдағы,
Аударылып түстің де ағып бердің
Төңкерілген қайықтай тасқындағы.
Жігіт едің түгің жоқ жұмырыңда,
Бір шалқыдың — не керек!— ғұмырыңда.
Бірақ, бірақ,
Өзіңді,
Өзге түгіл,
Қомсынды ғой, қайтесің, тұғырың да!
Тағдыр неткен, апырым-ай, қатқыл еді!
Дос жылайды, әрине,
Жат күледі.
Азаматтың салмағын
Астындағы
Ауыздықпен алысқан ат біледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу