Өлеңдер ✍️

  23.05.2021
  177


Автор: Аймақ Әбілда

Демді жиі алдырып...

Талықсытап талдырып,
Демді жиі алдырып,
Дүниеде жоқ қылып,
Тіршілікте бар қылып.

Ерітіп те балқытып,
Шарықтатып, шалқытып,
Сүйе бердің сен мені
Арманыңда қалқытып.

Уыз тілден бал беріп,
Қу денеме жан беріп,
Жанарыма от беріп,
Тамырыма қан беріп.

Бар денемді өртеп тек,
Мына ғұмыр ертек боп,
Жанып, лаулап, лапылдап,
Қала бердім тентек боп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу