Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  349


Автор: Әбділда Тәжібаев

Темірші әні

Қазанда сарқ-сұрқ қайнайды темір,
Жалаңаш қолмен көсейміз отты.
Темірден қуат алады өмір
Қорлайды жаулар қуаты жоқты.

Қайырмасы:
Айда, темірші, лаулат жалынды,
Тасқын дариядай ағыз темірді!
Біздің Ұлы Отан темір құрсанған,
Болсын өмірлі, болсын көңілді!

Қазанда сарқ-сұрқ қайнайды темір
Дамылсыз тынбай көсейміз отты.
Темірден қанат тағады өмір,
Таппайды жаулар қанаты жоқты.

Қазанда сарқ-сұрқ қайнайды темір,
Дауылдай желмен үрлейміз отты.
Темірден қуат табады өмір
Сыйлайды жаулар темірі көпті.

1957




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу