Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  307


Қызыма

ТУҒАН КҮНІҢ құтты болсын, жан қызым,
Айшам менің еркелеген сəн қызым.
Ата-анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым.

Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман-ойың, тілегің.

Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.

Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Аман-есен көз алдымда жүре берші, алтыным.

Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
Ата-анаңнның саған деген тілегі сол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу