Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  118


Автор: Өске Тоқаұлы

Төреге

Төре шабар «Арқарлап!»
Ат құлағын пар-парлап.
Төлеңгіт шабар, ашықса,
Құлақтары қалқаңдап.
Қашып жүрген қарақшы
Арқаға келді-ау талтаңдап.
Ерлерімді қор қылды-ау
Кіндігінен арқандап.
Болар ма заман, дүние-ай,
Төрені кетер талқандап?!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу