Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  254


Автор: Саят Әбенов

Қара шуба

Қара шуба,құрғыр-ай қара шуба
Қыс келген соң саған жұрт таласуда
Əйелдерге күйеуі əпермесе
Беріледі əйтеуір бəрі ашуға

Қара шуба,құрғыр-ай қара шуба
Əйел құмар алуға,санасуға
Кім біледі сол үшін күйеулері
Жалшы болып көшеде қар ашу да...

Қара шуба, құрғыр-ай қара шуба
Соны киген кімдердің бағы асуда?!
Несиеге алатын отбасы бар
Отырсада зар болып қара суға

Қара шуба ,сиқырлы қара шуба
Жүн ішінде талай жан адасуда
Шубасы жоқ кешегі əжелер-ай
Ұялатын шалына жақ ашуға!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу