Өлеңдер ✍️

  27.03.2024
  178


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Бәсiре

Ертең ерте барып едiм,
Үйiне мен Дауылдың.
Түрiне таң қалып оның,
Түк дей алмай, аңырдым.
Жасын бұлап, жылаудан көп,
Қызарып тұр жанары.
Екi көзi былаудай боп,
Түсiп кеткен қабағы.
Бата алмадым ләм-мим деуге,
Өзi айтар деп тосылдым.
 Қиын екен бәрiнен де
Мұңайғаны досыңның.
Мұндайда жоқ басқа амалың,
Сөйлеу қиын батыл боп.
Сонсоң айтты ол:
– Қасқа лағым
Өлейiн деп жатыр, – деп.
– Неге? – дедiм, – ауру ма едi
?
Көруге оны бола ма?
Ертiп барды Дауыл менi
,
Бастап кiрдi қораға.
«Менен күдер үзген бе? – деп,
Бағдарлай көз тастап ап,
Сұрағандай бiзден көмек,
Ыңыранды қасқа лақ.
– Қиын екен жайы тiптi
,
Айтшы, бұған не болды?
– Жоңышқаға жайылыпты
,
Үзiп кетiп көгендi
.
Жесе оны мал шық кезiнде, Iшi өстiп кебедi.
Сұр қалмапты тiптi өзiнде,
Көзi алара бередi
.
– Іш кепкеннен мал өле ме?
– Емдемесе, өледi
.
– Дәрi берсе ал егерде?
– Дәрi үйде жоқ едi
.
Келедi-ақ қой дәрi бергiм,
Жазылады, дау бар ма
?
Дәрiгерге барып едiм,
Кетiп қапты ауданға.
– Не деушi едi ол дәрiнi
,
Қайткен күнде табамыз.
Тез алмасақ қолға мұны,
Босқа қапы қаламыз.
– Осыншама күйінер ме ем,
Атын бiлсем тұрам ба
?
Дәрiгердiң үйiнен мен
Ұялам ба өзiм сұрауға?
Кетiп едi жұмысына
Апам менен көкем де.
Лағым ажал уысында
Кетер ме екен бекерге?!
Қалмаған соң басқа амалы,
Мүсiркейдi ол төнiп.
Демiгедi қасқа лағы,
Көзiн жиi төңкерiп.
Мақтаушы едi өзiн әркiм,
Жүрушi едi белсенiп.
Бастаушысы қозылардың –
«Командирi» деушi едiк.
Маңдайымыз тершiп оған
Қарап тұрдық қиналып
.
Бала-шаға, көршi-қолаң
Қалды жедел жиналып
.
Лақты аяп,
Көрiп халдi
,
Билеп алды бәрiн мұң.
Осы сәтте келiп қалды
Апасы да Дауылдың.
Үмiтпенен қарап едiк,
Апай оны сезбедi
.
 – Қалмасын тек арам өлiп,
Бауыздаңдар тез! – дедi
.
– Мен сояйын, батылмын, – деп,
Тұрды Төлен жымыңдап.
Ал мен тұрдым бақырғым кеп,
Төбе құйқам шымырлап
.
Аяды ма жас жүрегi
,
Дауыл оған көнбедi
.
– Сойғанша оны,
Жақсы, – дедi, –
Ажалынан өлгенi
.
– Ішi кеуiп ақ бұзауы
Ауырғанда, Пiрәлi Бiзiн сұғып, қапты жаны, –
Дедi тұрып Нұралы.
Дауыл бiзiн iздеп едi
,
Ұнатып қап ол емiн,
Шыға келдi бiз дегенi
Шаппасынан Төленнiң.
Жасамақ боп дауыл емiн
,
Лаққа таяп ентiктi
.
Әр қимылын бағып оның,
Қобалжыдым мен тiптi
.
– Қапелiмде өлсе, обал-ақ, –
Дедi апай жабығып. – Iшi жүрсе бейшара лақ
Қалар едi сауығып.
– Тұра тұршы, Дауыл! – дедiм,
Болмас басқа ем таппаған.
Сәл күтiңдер,
Дәрiгердiң
Үйiне мен аттанам
.
Қинама бос бiзiңменен,
Қауiптi екен бұл емi
.
Мен ағылшын тұзын берем, Iшi бiрден жүредi...
Нұралының кермедегi
Шешiп мiндiм дөненiн.
Жүйрiк екен көк дөненi
,
Құйындата жөнедiм.
Дәрiгердiң үйiне кеп, Бiр-ақ тарттым ат басын.
– Рұқсат па кiруге? – деп,
Тақылдаттым қақпасын.
Бала шықты зор дауысты,
Болса да өзi кiшкене.
Оған барлық болған iстi
Түсiндiрдiм iшке ене.
Лақты аяп қалып едi
,
Обал бопты деп, тегi
,
– Танымаймын дәрiлердi
,
Үйде ешкiм жоқ, – дедi
.
Асықтырып, Бiлегiнен
Ұстай алдым баланың.
– Ол дәрiнi бiлемiн мен,
Өзiм танып аламын.
Бала бiраз ұртын басып
Қарап тұрды ойлана.
Содан кейiн
Құлпын ашып,
Бастап кiрдi қоймаға.
 Қиналмай-ақ тауып алдым,
Мол ағылшын тұзын мен.
Үйлерiне Дауылдардың
Суыт қайттым iзiммен.
Келе,
Салып қос уысын,
Су құйдым да табаққа,
– Дауыл, – дедiм, – осы iшiн
Тазалайды заматта.
Лақтың аузын тұрды керiп,
Оқтау салып Нұралы.
Тұзды Дауыл құйды келiп,
Қылқылдатты лағы.
Бар дәрiнi бiр-ақ iшiп,
Кеттi iшiн қуалап.
Бүкiл бала қуанысып,
Қоя бердiк уралап...
Ертеңiне келiп едiм,
Қозыларды бастап ап,
Кезiп үйдiң төңiрегiн,
Шауып жүрдi қасқа лақ.
Қарап оның қылығына,
Отыр едiм жүрелеп,
Байқаусызда иығыма
Қолын артты бiреу кеп.
Талып қалды иығым сәт,
Қолы мұнша ауыр кiм?
Қарасам көз қиығым сап,
Көкесi екен Дауылдың.
– Мейiрiмдi жүрегiңнен
Айналайын, қарағым.
Қасқа лақты бiр өлiмнен
Құтқарыпсың, жарадың
.
Асырыпсың амалыңды,
Риза еттiң сен менi
.
Сосын:
– Дауыл,
Бар, лағыңды
Ұстап алып кел, – дедi
.
Дауыл лақты
Алаңдамай,
Оп-оңай-ақ алды ұстап.
Ал көкесi маған қарай
Мойын бұрды дауыстап
.
– Жүршi, балам, қасыма ерiп,
Аз болған жоқ көмегiң.
Осы лақты бәсiре ғып,
Ен сап саған беремiн.
Байлап лақты көгенге кеп, Тiлiп қойды құлағын.
– Бұл «бәсiре» деген не? – деп,
Түсiнбей мен сұрадым.
– Байқап жүрмiн сөздерiңнен,
Дауылымның досысың.
Дауыл саған өз қолымен
Сыйлап отыр осысын.
Өзiмнiң де бауырымсың,
Лақ сенiкi, қарағым.
Бәсiреңдi алу үшiн,
Қашан келсең – қалауың.
Дауылға кеп, қысылып сәт:
– Рақмет, – дедiм мен.
 Қолымды ол қысып ұзақ,
Жымиды риза пейiлмен.
Жұлдызшасы маңдайына
Жарасып тұр, көркем-ақ. Бiр қарап ап жан-жағына,
Шауып кеттi ерке лақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу