27.03.2024
  57


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Жер-Ана

Соғысты мен көрмедім,
Көріп жүрмін кинодан.
Жұрттың көріп өлгенін,
Аяп қатты қиналам.
Бір жылдары фашистер
Елге басып кіріпті.
Жалаңдапты аш иттей,
Салыпты ойран, бірлікті.
Өрт боп жанып даламыз,
Қайғы бұлты торлапты.
Сонда талай бабамыз
Елімізді қорғапты.
Ажал болып сұм жылдар
Сумаңдапты желге ұшып.
Сонда талай қыршындар
Құрбан бопты жер құшып.
Ыстықсың-ау, Жер-Ана!
* * *
Бiр машина ауылға
Келiп қалды зыр етiп.
Жүгiрiстiк бауырға
Жұрт айтатын жыр етiп.
Кабинада екi адам:
Шопыр және, бiр ағай
.
Мойын созып ортадан
Танып тұрмын сұрамай
.
Ауылдағы бар адам
Бұл ағайды бiледi.
Ташкент деген қаладан
Келiп-кетiп жүредi.
Мұнда туыс, бауырдан
Ешкiмi де жоқ оның.
Сонда да оны ауылдан
Жиi-жиi көремiн.
Құндақтапты ағайды
Жөргектегi баладай.
Мөлие ағай қарайды
Сәлемдерiн ала алмай
.
Сәлем бердi бiреулер
Қолын бермей бас шұлғып.
Бас шұлғыды бiреулер
Жанарынан жас шығып.
 Көкем менi iздедi:
– Барамыз, – деп, үйге ертiп.
Алып келдiк бiз оны
Қол арбамен сүйретiп
.
Отырғыздық қақ төрге
,
Қуаныш көп бүгiнгi.
Бәйек болды әкпем де
,
Дүкен жаққа жүгiрдi.
Iстi қойып үй өзге,
Сыйлап жатыр ағаны.
Анамның да лезде
Дайын болды тамағы.
Ағаны өз қолымен
Көкем тамақтандырды.
Кесенi алмай ернiнен,
Сусынын да қандырды.
Сосын көкем, ағайым
Шахматқа кiрiстi.
Ақ тастарын ағайдың
Анам келiп тiгiстi.
Фигураның бiреуiн
Ағай көзбен нұсқайды
.
Екi етпей тiлегiн,
Көкем соны ұстайды.
Басын изеп тағы да:
– Сол, – деп, ағай күледi.
Қарасын да, ағын да
Көкем өзi жүредi...
Ертеңiне сәскеде
Аттанды ағай қалаға.
Бойын созып Тастөбе
 Қарап қалды ағаға...
Осы ағайдың өмiрiн
Бес саусақтай бiлемiн.
Айтсам, босап көңiлiм,
Шаншиды кеп жүрегiм:
Сонау соғыс жылдары
Ата-анасы бар екен.
Ол кезде ағай тұлғалы
Өрiмдей жас бала екен.
Үдеп фашист бiр ауық
,
Соғыс қанат жайғанда
,
Жас болса да сұранып
,
Аттаныпты майданға.
Жиырма жыл толыпты
Қырғын соғыс бiткелi
.
Өлдiге жұрт жорыпты,
Ешкiм оны күтпедi.
Класс. Сабақ. Күз едi,
Ой кiтапқа кеттi ерiп.
Қоңырау боп, бiз ендi
Есiкке тiк беттедiк.
Шықсақ, көкшiл «Волганы»
Қоршап апты топ адам
.
Суды кешiп жолдағы,
Жетiп бардым мен оған.
Кемпiр-шалдар зорға кеп,
Жиылыпты бар ауыл.
Аяқ та жоқ, қол да жоқ,
Ораулы отыр аға бiр.
  Ұмытпапты ұлын ел,
Құшып тыным бермедi.
– Келдiм, – дедi күлiп ол, –
Туған жердi көргелi.
Ыстықсың-ау, туған жер
!
Күш, құтсың-ау, туған жер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу