Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  184


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Махаббаттыма

Шынымды айтсам...


Көп қыздар мені ойлап қызығады,


Жүрегімнен орын алып ұмтылады.


Сен ғана оята алған сезімімді,


Өздерін саған әлі ұқсатады.


Менің мына суыған көңілімді,


Жылыта алмай...Жарты жолда жығылады,


Сен салған жолменен жүріп өтіп.


Бәрібірде соңында бұрылады.


Сендей болмас ешбір жан өмірімде,


Кеңінен орын алған көңілімде


Айлы аспанда ұйықтатпай ойды ұрлап


Айнам тек сенсің көңілімде.


Жасырамын барлығын өтірік деп,


Күлемін-ау әдейі көңілім деп,


Барлығына көрінгенмен еш уайымсыз,


Өзіңсің қай жерім кем тірі өліктен...


Түңіліп мұң айтамын қаламыма,


Ол мені түсіне ме ұғады ма?


Айналамды қоршаған небір ару.


Ешбірі татымайды сыңарыма.


Олардың еркелеткен сөздеріде,


Сенің бір тал шашыңада жетпейт екен,


Сенің маған қарап күлгеніңнен.


Барлық ғалам гүлденеді хош-иіспен.


Енді сен бақыттысың сыңарыңмен,


Махаббаттың жалынымен ұзақ жүрген,


Мен жетпеген арманға өзің жеткен.


Айнам сенде алыстадың мына менен,


Сенімен қоса жолғалғандай барлық әлем.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу