23.03.2024
  28


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Ризамын түйеге

Жалаң аяқ жүредi
Дауыл, Қыпшақ екеуi.
Жүгiргенде үнемi
Құстай ұшып кетедi.
Аяғымда – сандалым,
Жырақта мен қаламын.
Шешсем,
Тiкен – жан-жағым,
Шыдамайды табаным.
Тыңдай-тыңдай қажыдым
Балалардың сөздерiн.
Көтермедiм әзiлiн,
Ертеңiне төзбедiм.
Намыс буып кеудемдi,
Шешiп қойдым сандалды.
Жүгiргенде мен де ендi,
Барлық бала таң қалды.
Жолдан шықсам сәл ауып,
Таусылады амалым.
Тiкен етке қадалып,
Кiбiртiктеп қаламын.
Кешке жақын қой келiп,
Қаумаладық қораға.
Осы сәтте бөлiнiп
Қашты алтауы далаға.
Қораға тез кiрсiн деп
,
Жүгiрдiм мен тұрмай тек.
Табаныма кiршiлдеп,
Жантақ, тiкен кiрдi-ай кеп
!
Отыра қап ойбайлап,
Амалсыздан жыладым.
Жан-жағыма қарайлап,
Көзбен көмек сұрадым
.
Қыпшақ бұлғап қалпағын,
Қуып кеттi қозыны.
Бұйым емес жантағың,
Қандай берiк төзiмi
!
Сөздердi айтып қайдағы,
Дауыл маған күледi.
Ар жағында байлаулы
Байқап қалдым түйенi
.
 Маңғаз түйе сол шақта
Қарап алып бiр түрлi
,
Мойнын созып мен жаққа,
Бiр-екi рет ұмтылды.
Аяғымның ұшымен
Әзер жеттiм жолға мен.
Ұялып барлық кiсiден
Көзге апардым қолды әрең.
Түйе менi таңдантты...
Осы сәтте босанып:
Асады-ай кеп жантақты,
Мен үшiн бiр өш алып
.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу